Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасындағы елді мекендердің бас жоспарлары қаланың, кенттің, ауылдың не басқа қоныстың дамуын кешенді жоспарлауды айқындайтын және бекітілген аумақты ұйымдастырудың Бас схемасына және өңірлердің қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасына сәйкес әзірленетін негізгі қала құрылысы құжаты болып табылады. Жер учаскесі қандай аумаққа түсетіні туралы ақпарат "geo-shym.kz" немесе "map.gov4c.kz" (Қоғамдық кадастрлық карта).
2018 жылдан бері Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала статусын алды. Қазіргі таңда, аз қабатты тұрғын үйлер аумағы қаланың 80% құрайды. Қаланың Бас жоспарының дамуын ескере отыра, Шымкент қаласының әкімі өзекті мәселелердің бірі болып табылатын баспана мәселесін шешуге мүмкіндік беретін көпқабатты, көппәтерлі тұрғын үйлер салуды жоспарлап отыр.
Электр қондырғыларын "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС электр желілеріне қосылу кезінде, сіз Саттарханұлы 10/1 мекен жайына барып кеңсеге өтініш қалдыру арқылы немесе онлайн платформалармен өтініш бере аласыз.
Шымкент қаласы бойынша энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына қарасты жарықтандыру жүйесіне қызмет көрсетуші мекеме «ABM Building 2007» ЖШС диспетчерлік бөлімінің байланыс нөмеріне 8708-326-25-06 хабарласу қажет.
Жалпы жиналыста пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелері мыналарды таңдауы тиіс: басқарудың екі нысанының бірін:
* мүлік иелерінің бірлестігі (бұдан әрі – МИБ) – тұрғын емес үй-жайлардың пәтерлерінің меншік иелері құрған заңды тұлға;
* Жай серіктестік-заңды тұлға құрмай-ақ пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелерін тікелей бірлесіп басқару.
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес құжаттар жиналады
Кәмелетке толған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар тұрғын үй кезегіне тіркелу үшін Отбасы банкінің «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» ақпараттық жүйесінің «orken.otbasybank.kz» порталында өтініштер қабылданады.
Көше атауын беру бойынша өтініш тастау.
Көше тұрғындарымен жиналыс өткізу, хаттама түзу.
Хаттама негізінде Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына ұсыныс беру, шешім шығару.
Тақтайшаға бюджеттік өтінім беру.
Қала әкімі және әкім орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдауына алдын-ала жазылу арқылы қатысуға болады.
Көп балалы отбасының балаларына балабақшаға төлейтін төлемақыға жеңілдік жоқ.