Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Азаматтарды қабылдау орталығы
өз қызметін орталық мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылы үшін орталықтандырылған алаң ретінде жүзеге асырады.
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруБалаларды кезекке қою үшін тұрғылықты мекен - жайы туралы анықтаманың қажеті жоқ.
Көп балалы отбасының балаларына балабақшаға төлейтін төлемақыға жеңілдік жоқ.
Шымкент қаласының аумағында жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін 119 984 азаматтардың өтініштері тіркелген.
Қала аумағында соңғы рет жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін 1 180 жер учаскелері 2008 жылы Достық т/а табысталған.
ҚР Жер кодексінің 44 бабының 5-3 тармағына сай жеке тұрғын үй құрылысын салу үшiн жер учаскелерiн беру үшін су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдарда ғана жол беріледі.
Жоғарылардың негізінде, азаматтардың өтініштері арнайы алаңшалардың дайындығына қарай қанағаттандырылатындығын хабарлаймыз.
Мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою, құжат қабылдау және жолдама беру indigo24.kz электронды портал арқылы жүргізіледі. Кезекке қою туралы өтініш электрондық нысанда ғана беріледі. Өтінішті беру процесінде өтініш беруші мынадай ақпаратты көрсетуге міндетті:
- қолданыстағы екі мобильді телефон нөмірі;
- заңды өкілдің ЖСН-і;
- баланың ЖСН-і.
СМС түрінде хабарлама (кезекке тіркелгендігі және жолдама алғандығы туралы) алады.