СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУ – БАСТЫ МІНДЕТ

Сыбайлас жемқорлықпен күресу – Мемлекетіміздің бүгінгі күнгі күрделі әрі маңызды мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік, қоғамдық қасірет болып табылатын сыйбайластық әрекеттер - саяси даму тұрғысынан әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Сондықтан да, бұл мәселемен күресу жолында, яғни алдын алу үшін біздің елімізде де ұйымдастырылып жатқан шаралар, атқарылған жұмыс аз емес.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңестерде де еліміздегі жемқорлықтың алдын алуды және болдырмауды қатаң ескертіп, тапсырма беруде.
«Түпкі мақсат – сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру. Жемқорлықты жою үшін оған бүкіл ел болып қарсы тұруымыз керек. Оған қоса заңнамалық шаралар қабылдауға тиіспіз. Сонымен бірге, жемқорлыққа қатысты қылмыстарды анықтау және ашу жөніндегі жұмыстарды күшейту қажет. Сонда ғана жемқорлықпен табанды түрде күресе аламыз деген болатын Мемлекет басшысы.
Қоғам болып жұмыла күресетін бұл дертті жою мақсатында Тұран ауданы әкімі аппараты тарапынан да тұрақты түрде іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жыл басынан бастап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі бойынша құқықтық оқытулар, семинар сабақтары тұрақты түрде ұйымдастырылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеу тақырыбында мақалалар жарияланды. Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды уақтылы анықтау және жолын кесу үшін мамандар арасында заңсыз әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардың шағымдары үшін арнайы «Сенім жәшігі» орнатылған.
Әкімдіктегі әрбір бөлімдегі кабинеттерге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Call-орталық номері жазылған хабарламалар ілінген. Және арнайы роликтер үздіксіз көрсетіліп тұрады.
Мамандар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары үнемі бақылауға алып, ақпараттық насихат жұмыстары жүргізіліп отырады. Қазақстан Республикасының әр азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра білсе еліміздің дамуы бұданда биік дәрежеге көтерілетіні анық.
Бұл тұрғыда қызметкер өз отбасында, әріптестерінің арасында адалдықты және жауапкершілік қағидаларын, қасиеттерін ұмытпай ұран қыла білсе, бұл індеттің түбімен жойылады деген сенімдемін.
Б.Әшірбеков
Шымкент қаласы
Тұран ауданының әкімі
Қызмет бағыты