ҚАЛА АУМАҒЫНДА ЖАҢА МУРАЛДАР САЛЫНДЫ

Шымкентте қала көркін арттырып, көшелерге ерекше сән беретін көркем муралдар саны көбеюде. Соның бірқатары Тұран ауданының аумағында аяқталды.
Ғимараттардың қабырғасына салынған мазмұнды суреттер қаланың сәулеттік келбетін жаңартып қана қоймай, қоғамдық кеңістіктерге өзіндік ерекшелік пен көркемдік сипат береді. Мұндай жұмыстар қалалық ортаны жандандырып, тұрғындар мен қала қонақтары үшін көшелердің тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.
Жаңа муралдар төмендегі мекенжайларда орналасқан:
▪️ Республика даңғылы, 26
▪️ Темірлан тасжолы, 42
▪️ Отырар ш/а, 42
▪️ 4-шағынаудан, 13
▪️ А.Асқаров көшесі, 43
▪️ Денсаулық жолы.
Қалалық ортаны көркейту және эстетикалық келбетін жақсарту бағытындағы жұмыс жалғаса береді.