Шымкент қаласында су шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша кеңейтілген жиналыс өтті 2025 жылғы 24 қазан күні Шымкент қаласында су шаруашылығын дамыту мәселелеріне арналған кеңейтілген жиналыс өтті. Іс-шараға орталық және жергілікті атқарушы органдардың, салалық мекемелердің өкілдері мен мамандар қатысты. Жиналыс барысында өңірдің су инфрақұрылымын жетілдіру, су ресурстарын тиімді пайдалану, жаңа технологияларды енгізу және сумен қамту сапасын арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды. Талқылаудың маңыздылығын ескере отырып, Министрлік өкілдері жиналысқа қатысып, саланың өзекті бағыттары бойынша ұсыныстар мен пікірлерін білдірді. Олар су шаруашылығын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын атап өтіп, өңірлік деңгейдегі өзекті проблемаларды шешудің нақты тетіктерін ұсынды. Сонымен қатар, жиналыс аясында «Жобаны басқару» мәселесі қосымша қарастырылды. Бұл бөлімде жобалардың мақсаттарға, мерзімдерге, бюджетке және сапа стандарттарына сай орындалуын қамтамасыз ету, басқару тиімділігін арттыру тәсілдері талқыланды.