Құрылым
"Жасыл белдеу" КММ
"Жасыл белдеу" КММ заңды тұлға мәртебесіне, орман қорын иелену, пайдалану, сондай-ақ орман қорын күзету, қорғау, молықтыру, оның экологиялық және ресурстық әуелетін көтеру, оны ұтымды пайдалану үшін, мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні- орман қорын иелену, пайдалану, сондай-ақ орман қорын күзетудің, қорғаудың, молықтырудың, оның экологиялық және ресурстық әлеуетін көтеру, он ұтымды пайдалануды жүзеге асыру. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаттары орманды күзету, молықтыру мен орман өсіру, орман тұқымдарын дайындау, ұқсату мен сақтау жөніндегі іс-шараларды жүргізу болып табылады.
Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1.Орманды молықтыру мен орман өсіру іс-шараларын орындау.
2.Ормандарды күзету, қорғау іс-шараларын орындау.
3.Орман ресурстарының ұтымды пайдалануын қамтамасыз ету.
Директор:
Достияров Есдәулет КерімбекұлыТелефон:
8 (7252) 35-71-11Электрондық пошта:
zhasylbeldeu@mail.ruА.Асқаров атындағы "Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы" МККК
Шымкент қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының А.Асқаров атындағы "Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы" МКҚК-ы. Кәсіпорын қызметінің мәні ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады. Кәсіпорын қызметінің мақсаты ағаш және бұта өсімдіктерді қорғау, сақтау, молықтыру және пайдалану болып табылады.
Кәсіпорын қойылған мақсаттарды іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1.Қазақстанның ағаш өсімдіктерін сақтаудың, молықтырудың және пайдаланудың ғылыми негізін әзірлеу.
2.Кәсіпорынның аумағын ғылыми дамыту және ағарту мақсатында тиімді пайдалану.
3.Саябақ аумағында мәдени экологиялық, спорттық және сауықтыруға арналған іс-шаралар өткізу.
4.Кәсіпорын аумағында ғылыми зерттеулер жүргізу.
5.Ағаш тұқымдас өсімдіктердің гендік қорын сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері жөнінде халықаралық байланыс орнату.
Директор:
Бос орын ⠀ ⠀Телефон:
8 (7252) 47-61-10"Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Шымкент сушар" ШЖҚ МКК
«Шымкент сушар» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
Кәсіпорын қызметі мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы жүйелері және құрылыстарын күтіп ұстау,жөндеу, реконструкциялау, пайдалану, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады
Директор:
Монтаев Мақсат Абуталіпұлы