Құрылым

«Шымкент қаласының ситуациялық орталығы»КММ

Шымкент қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі №247 қаулысы негізінде 2020 жылғы 26 маусымда Шымкент қаласында 109 нөмірлі i-Shymkent жобасы жүзеге асырылды.

«Шымкент қаласының ситуациялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – кез-келген шұғыл емес мәселелер бойынша қала тұрғындары хабарласа алатын бірыңғай байланыс орталығы.
Бүгінде қалалық ситуациялық 109 бірыңғай байланыс орталығы коммуналдық кәсіпорындардың барлық байланыс орталықтарын біріктіреді және 24/7 тәртібінде жұмыс жасайтын, қала тұрғындарымен байланысатын жалғыз орталық болып табылады. Орталыққа келіп түскен барлық өтініштер өңделеді және тіркеу нөмірі беріліп, тұрғындар өтініштерінің арнайы тізіміне енгізіледі, белгіленген мерзімде шешу үшін әрі қарай мемлекеттік органдарға, коммуналдық қызметтерге жіберіледі.

 

Толығырақ