Құрылым

Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімі

Жалпы аппарат бойынша жоғары тұрған органдар, қала әкімі мен оның орынбасарлары, аудан әкімі мен оның орынбасарлары тапсырмаларының және хаттамаларының (оның ішінде: ҚР Президеті әкімшілігінен, ҚР Үкіметі кеңсесінен) сапалы және мерзімінде орындалуына жауапты және бақылауда ұстайды. Аппаратта мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметті өткеруiне байланысты шешiмдердiң жобасын әзірлеуді қамтамасыз етеді. Кадр мәселелері бойынша жұмыстардың атқарылуын және нормативтік-құқықтық актілердің жобалары әзірленуін және бөлімнің құзыретіне кіретін құқықтық сипаттағы құжаттардың дайындалуын қадағалайды. Кіріс және шығыс құжаттардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің заңда белгіленген мерзімде орындалып, жауап берілуін бақылайды.

Толығырақ

Бөлім басшысы:

Арысбайұлы Қанат

Телефон:

8 (7252) 77-90-86

Электрондық пошта:

k.arysbaiuly@shymkent.gov.kz

Мәдени даму, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі

Бөлімнің мақсаты: Аудан аумағында мерекелік, спорттық іс-шараларды ұйымдастыру;

өз құзыреті шегінде «Әскерге шақырудан кейінге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер түрін жүзеге асыру;

өз құзыреті шегінде жаттықтырушы, әдіскер, нұсқаушы-спортшы және спорт төрешісі біліктілік санаттарын және спортшыларға спорттық разрядтарын беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтер түрін жүзеге асыру.

Толығырақ

Телефон:

8 (7252) 77-91-05

Электрондық пошта:

e.eraliyev@shymkent.gov.kz

Экономика және жоспарлау бөлімі

Бөлімнің мақсаты: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес, қаржы жылына арналған мемлекеттік сатып алуды жоспарын құру және мемлекеттік сатып алу бойынша қызметтерді ұйымдастыру;

Қолданыстағы заңға сәйкес, орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуларды алдын-ала жоспарлау және сатып алуларды өткізуге өтінімдер беруді қамтамасыз ету;

Аудан әкімі аппаратындағы барлық қаржылық  операцияларды жүргізу, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелермен атқарылған қызметі үшін есептесу.

Толығырақ

Телефон:

8 (7252 )77-45-95

Электрондық пошта:

n.tolemenova@shymkent.gov.kz

Кәсіпкерлікті қолдау бөлімі

Бөлім жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асырады; Шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдесу; Аудан аумағында белгіленбеген орындарда заңсыз сауда жасаушы тұлғаларға сауда орындарын заңдастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу; Сауда орындарында тамақ өнімдерінің тұтыну бағасын тұрақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу; Құзырлы мекемелермен бірлесе тұрғындар арасында салық төлемдерін уақтылы төлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; Салық базасын ұлғайту бойынша құзырлы мекемелермен бірлесе заң шеңберінде резервтерді анықтау; Меншік түріне қарамастан құзырлы мекемелермен бірлесе ауданда орналасқан жеке кәсіпкерлерге, кәсіпорындарға мониторинг жүргізу; Аудандағы жұмысын тоқтатқан кәсіпорындардың жұмысына талдау жасау, себеп-салдарын анықтап, қайта іске қосылуына ықпал ету жатады.

Толығырақ

Телефон:

8 (7252) 77-90-56

Электрондық пошта:

g.berdbekova@shymkent.gov.kz

Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі

Бөлімнің мақсаты: аудан аумағын абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату, жастарды спортқа баулу үшін ашық спорт алаңшаларын орнату, аудан аумағында инфрақұрылымды дамытуды ұйымдастыру және мониторинг жасау.

Аудан аумағын абаттандыру және жарықтандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және қадағалау. Аудан аумағын көгалдардыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және қадағалау (гұлзарлар мен саябақтар бойынша). Зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Аудан аумағында  азаматтардың тұрғылықты жерінде және бұқаралық демалу орындарында дене шынықтыру және спортты дамытуға жағдай жасау жұмыстарын атқарады.

Толығырақ

Бөлім басшысы:

БОС ОРЫН .

Әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімі

Бөлімнің міндеттеріне Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын тұрғындарға насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру; шарты және шартсыз ақшалай көмекке құжат тапсырған отбасылардың үй тұрмыстық зерделеу актісінің заңға сәйкес жүргізілуін ұйымдастыру; ауданда орналасқан бала-бақшаларда, мектептерде қоғамдық және тәрбиелік жұмыстардың жүргізілуін ұйымдастыру; кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында нашақорлыққа қарсы салауатты өмір салтын насихаттау, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша және аудандық ЮПТ және мектепішілік есептерде тұратын оқушылармен жұмыстар жүргізу; Аудандағы ардагерлер кеңесі мен Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын үйлестіру; ҰОС ардагерлері мен көмекке мұқтаж отбасыларына, көп балалы жанұяларға, жетім-жесірлерге демеушілік көрсететін қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру; Аудан аумағында орналасқан діни бірлестіктермен жұмыс жүргізу және теолог мамандардың қатысуымен жалпы кездесулер ұйымдастыру; Аудан аумағында қоғамдық-саяси ақпараттардың дұрыс және уақтылы жүзеге асырылуын ұйымдастыру.

Толығырақ

Телефон:

8 (7252) 77-91-05

Электрондық пошта:

s.zhorabekov@shymkent.gov.kz

Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі

Бөлімнің міндеттеріне аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына кондоминиум нысандарын құру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру, бюджетттік ұйымдар мен тұрғын үй қорларын жылыту маусымына дайындық жұмыстарын іске асыруға ықпал жасау, аудан аумағында санитарлық тазалық сонымен қатар, шөп ору, ағаш қырқу, әктеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру, қалалық төтенше жағдайлар басқармасымен, өртке қарсы бөлімімен бірлесіп жұмыстардың жүргізілуін ұйымдастыру, аудан бойынша сейсмонығайту жұмыстарының жүргізілуін ұйымдастыру жатады.

Толығырақ

Бөлім басшысы:

БОС ОРЫН .