Еңбекші ауданы әкімінің аппараты Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы ( Е-4 санаты, 1 бірлік)

Мемлекеттік орган

"Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты" КММ

Аймақ

Шымкент қаласы

Санат

E-4

Орташа лауазымдық айлықақы

194573

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Қызмет көрсету (білім беру саласы)
  • Білім (білім саласы)
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Құқық (білім саласы)
  • Өнер (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
  • Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (білім саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)

Функционалды міндеттер

ҚР Президенті мен Үкіметінің нормативтік актілерінің, құжаттардың уақытылы орындалуын  жүзеге асыру,қала әкімдігінің қаулыларын, қалалық мәслихаттың  шешімдерін, қала, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын  жүзеге асыру, аудан әкімі шешімдерінің, өкімдерінің жобаларын дайындау, шығыс және кіріс корреспонденцияларының тіркеуін жүргізу, аппараттың  құжат  айналымының  мерзімінде  орындалуын  қамтамасыз  ету, аппарат мұрағатының жұмысын ұйымдастыру,  ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне  сәйкес жеке және заңды тұлғалардан түскен арыз-шағымдар мен өтініштері бойынша жұмыс жүргізу, №1-ОЛ нысанды есебі бойынша мәліметтерді дайындау, мемлекеттік қызметшілердің құжаттарын  «Е-қызмет» жүйесінде сапалы енгізу, өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы мәселелер бойынша ҚР заңнамасының орындалуын  жүзеге асыру,  көпбалалы  аналардың құжаттарын  «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапаттауға  қабылдау, сапалы құжаттарды марапатқа ұсыну, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдарына қойылатын  біліктілік  талаптарын  әзірлеу, конкурс комиссиясының жұмысын жүргізу, мәліметтерді таратылуы шектелген  қызметтік  ақпаратпен  жұмыс жүргізу, уақытша қоғамдық ақылы жұмысқа тартылған жұмыссыздардың табелдерін жинақтап, қала әкімдігінің жұмыспен  қамту орталығына жолдауды қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілер мен еңбек шарты арқылы қабылданған азаматтардың жеке іс-құжаттарын қолданыстағы заң талаптарына сәйкес ресімдеу,  қызметшілердің еңбек өтілін есептеу жөніндегі комиссия жұмысын ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің белгіленген мерзімдерге сәйкес даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыруын  қамтамасыз ету, конкурстық, тәртіптік комиссиялардың  жұмысын жүргізу, тәлімгерлік кеңес жұмысын жүргізу, ант қабылдау рәсімін ұйымдастыру, мемлекеттік  әкімшілік қызметшілерді тағылымдамаға жіберуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің ықпалдастырылған «Е-қызмет» жүйесінде тұрақты  түрде  жұмыстарды  жүргізу.

Функционалды блок: В-4

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 27.07.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.07.2021 – 05.08.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

09.08.2021

Сұхбаттасу орны

г.Шымкент, ул.Толстого, 119

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7252) 53-27-43