Хабарландыру! 📢

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-Заңына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес,
📅 2025 жылғы 21 сәуір мен 22 мамыр аралығында
📍 Шымкент Еңбекші ауданы әкімі аппаратында
🔎 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз.
Ішкі талдаудың мақсаты — сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, алдын алу және Еңбекші ауданы әкімі аппараты қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру болып табылады.
Талдау келесі принциптерді сақтай отырып жүргізіледі:
✅ объективтілік
✅ сенімділік
✅ ашықтық
✅ жан-жақтылық
Талдау нәтижелері бойынша ұсыныстары бар талдамалық есеп, сондай-ақ анықталған тәуекелдерді жою бойынша іс-шаралар жоспары дайындалады. Бұл материалдар белгіленген тәртіппен Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін жұмыс тобының құрамына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге субъектілерінің мамандарын немесе сарапшыларының, қоғам өкілдері мен комплаенс қызметі өкілдерінің (сыртқы сарапшылар, ғылыми қоғамдастық, көрсетілетін қызметті алушылар, коммерциялық емес ұйымдар, бизнес-қоғамдастықтар, қоғамдық кеңестердің мүшелері, жобалау офистерінің өкілдері) қатысуға мүмкіндігі бар.
Осыған орай, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін жұмыс тобының құрамына енуге ниет білдіруші тұлғалар ағымдағы жылдың 18 сәуіріне дейін мына байланыс телефон 8-777-370-01-17 арқылы хабарласуға және электрондық поштаға толық аты-жөні және жұмыс орны туралы ақпаратты (g.sergaziev@shymkent.gov.kz) поштасына жолдауға болатынын хабарлаймыз.