
Еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау

1.Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік еңбек инспекторларына:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамы;
2) бас мемлекеттік еңбек инспекторлары – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдары;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек инспекторы – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органының басшысы;
4) мемлекеттік еңбек инспекторлары – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органының лауазымды адамдары жатады.
3. Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметтік міндеттерін атқару кезінде заңмен қорғалады және Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
4. Мемлекеттік еңбек инспекторына қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтірген адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
5. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.
6. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, сондай-ақ мұндай оқиғаларды туындатқан себептерді жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау және бақылау субъектісіне бару арқылы жүргізілетін бақылаудың өзге де түрлері шеңберінде мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізетін тексерулер жұмыс берушіге алдын ала хабарламай жүргізіледі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика мен арнайы есепке алу туралы заңнамасына сәйкес тіркелуге және есепке алуға жатпайды.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 24 сәуір 2020Пайдалы ақпаратЖұмыс берушілердің назарына!
- 03 наурыз 2020Пайдалы ақпаратЕң төменгі жалақы мөлшері
- 03 наурыз 2020МақалаларЕңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау
Медиагалерея
Бағыт бойынша барлық медиагалерея
7025 желтоқсан 2023🔶Күшті өңірлер – қуатты ел: Шымкент, 2023 ж. Даму стратегиясы және экономикалық серпіліс- 0106 ақпан 2023📽 ЖАҢА АЙДАР! 《МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ АЖАРЫ》
Оқиғалар күнтізбесі
Барлық оқиғаЖиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруЕңбек шарты бойынша жұмыскер белгілі бір еңбек функциясын жеке өзі орындайды, ішкі еңбек тәртібін сақтайды және еңбек ақы алады. Ал азаматтық-құқықтық шарт белгілі бір жұмысты орындауға немесе қызмет көрсетуге жасалады. Егер шартта еңбек қатынастарының белгілері болса, азаматтық-құқықтық шарт жасасуға жол берілмейді.
Егер адам белгілі бір лауазым бойынша тұрақты жұмыс атқарып, жұмыс берушінің ішкі еңбек тәртібіне бағынып, еңбек ақы алатын болса, мұндай қатынастар еңбек шартымен рәсімделуге тиіс. Еңбек қатынастарын азаматтық-құқықтық шартпен алмастыруға жол берілмейді. (Государственные услуги
Жауап: Жоқ. Ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлерге беріледі. АҚС бойынша жұмыс істейтін адамға еңбек заңнамасында көзделген ақылы еңбек демалысы берілмейді.

