Құрылым

Экономика және жоспарлау бөлімі

  1. Жалпы ережелер
  2. Экономика және жоспарлау бөлімі (әрі қарай – Бөлім) - Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімі болып табылады.
  3. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ «Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін басшылыққа  алады.
  4. Бөлім Ережесін аудан әкімі бекітеді.
  5. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Шымкент қаласының әкімі бекітеді.
  6. Бөлім мыналардан тұрады:

 

Толығырақ

Телефон:

8 (7252) 77 70 67

Электрондық пошта:

r.moldakulova@shymkent.gov.kz

Мәдени даму, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі

«Шымкент қаласының Абай ауданы әкімінің аппараты» ММ

мәдени даму, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 1.Жалпы ережелер

  1. Мәдени даму, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі(бұдан әрі – бөлім) – Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппаратының құрылымдық бөлімі болып табылады.
  2. Бөлімөз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
  3. Бөлімінің мақсаттары, құқықтары мен мiндеттерi
  4. Мақсаты:

Халықты мәдени, тіл, дін және қоғамдық саяси тұрақтылық тұрғысынан қолдау және мемлекеттік қызметтер көрсету.

Толығырақ

Телефон:

8 (7252) 78-13-31

Электрондық пошта:

k.minuar@shymkent.gov.kz

Әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімі

1.1. Әкімшілік мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа ала отырып өз қызметін орындайды.

1.2. «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі», ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексі, «ҚР-дағы тіл туралы», «ҚР мемлекеттік рәміздері туралы», «ҚР мерекелер туралы», ҚР «Мәдениет туралы»,   «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектің, асыраушысы жоғалтқаны және жасқа қарай мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңдарын, «Қазақстан–2050» Стратегиясы: қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа саяси бағытын, «Шымкент қаласының Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік  мекемесі туралы  ережені  және  нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа ала отырып өз өкілеттігін  жүзеге  асырады.

1.3. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары және  Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары,  қала әкімдігінің  қаулылары, қала, аудан  әкімдерінің шешімдері мен өкімдері, қалалық мәслихаттың шешімдерінің  орындалуын қамтамасыз етеді.

Толығырақ

Телефон:

8 (7252) 78-13-31

Электрондық пошта:

m.tutkishbaeva@shymkent.gov.kz

Кәсіпкерлікті қолдау бөлімі

Бөлімнің негізгі міндеттері: Жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыруға жәрдемдесу бойынша жұмыстарды жүргізеді. Аудан аумағында белгіленбеген орындарда сауда жасаушы тұлғаларға және заңсыз орнатылған дүңгіршектердің иелеріне алдырту бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады.

Тамақ өнімдерінің тұтыну бағасын тұрақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бақылау жасау. Тұрғындар арасында салық төлемдерін уақтылы төлеу жөнінде түсіндіру жұмыстарының жүргізілуіне бақылау жасау. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты құжаттардын «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне мерзімінде, сапалы енгізілуін қамтамасыз ету және аталған жүйеде мемлекеттік қызметшілердің жүйелі түрде жұмыс жүргізілуін қатаң қадағалау.

Толығырақ

Телефон:

8 (7252) 78-13-31

Электрондық пошта:

n.utepbergenov@shymkent.gov.kz

Инфрақұрылым бөлімі

Бөлімнің негізгі міндеттері: Аудан аумағындағы жабық спорт алаңшаларының (аңгар) құрылысын қажет ететін шағынаудандар мен аулаларды анықтау және қаржы бөлдіру мақсатында ұсыныс әзірлеу жұмыстарына бақылау жасау. Аудан аумағындағы абаттандыруды және балалар ойын, спорт алаңшаларын орнатуды қажет ететін көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларын анықтап, абаттандыру және орнату жұмыстарын толығымен қамтамасыз ету жұмыстарына бақылау жасау.

Аудан аумағындағы жолдарын, жаяу жүргіншілерге арналған жолдарын жөндеуді және жаңадан орнатуды қажет ететін көшелер мен аулаларды анықтау және ұсыныс әзірлеу жұмыстарына бақылау жасау. Аудан аумағындағы шағынаудандар мен көшелерде ауыз су, табиғи газ, электр қуаты, кәріз жүйелерінің жүргізілуіне талдау жасау және құрылысты (қайта құрылыс) қажет ететін көшелерді анықтау және жүргізілмеген жерлеріне ұсыныс әзірлеу жұмыстарына бақылау жасау.

Толығырақ

Телефон:

8 (7252) 78-13-31

Электрондық пошта:

e.nasyr@shymkent.gov.kz

Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі

Бөлімнің негізгі міндеттері: Кондоминиум нысандары, үй, көше, орам, басқарушыларының жұмыстарын барлық коммуналдық-тұрмыстық бағыттар бойынша үйлестіру және тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тұрғындармен жиналыстар өткізілуіне бақылау жасайды.

Қала, аудан әкімі және аудан әкімі орынбасары тапсырмаларының уақытында орындалуына бақылау жасайды. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты құжаттардын «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне мерзімінде, сапалы енгізілуін қамтамасыз ету және аталған жүйеде мемлекеттік қызметшілердің жүйелі түрде жұмыс жүргізілуін қатаң қадағалау. Ай сайын үй, көше, орам басқарушыларымен жиналыстар ұйымдастырады.

Толығырақ

Телефон:

8 (7252) 78 25 58

Электрондық пошта:

m.kalhabekov@shymkent.gov.kz

Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімі

Бөлімнің негізгі міндеттері: Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты құжаттардын «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне мерзімінде, сапалы енгізілуін қамтамасыз ету және аталған жүйеде мемлекеттік қызметшілердің жүйелі түрде жұмыс жүргізілуін қатаң қадағалау.

Аппаратта мұрағат жұмыстарының уақтылы жүргізілуіне бақылау жасау. Әскери міндеттілерді есепке тіркеу және брондау мәселелерінің дұрыс жүргізілуін қадағалау. Аудан әкімінің жоспарлы және лездемелік кеңестерін ұйымдастыру. Аудан әкімінің аудан халқына есеп беру кездесуін ұйымдастыру.

Толығырақ

Телефон:

8 (7252) 78-13-31

Электрондық пошта:

be.olzhabai@shymkent.gov.kz