Құрылым
«М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты» ШЖҚ РМК
«М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты» ШЖҚ РМК (ИМББ) Қазақстандағы молекулалық биология, молекулалық генетика, молекулалық медицина және биоинженерия бойынша жетекші ғылыми-зерттеу және консультативтік орталықтардың бірі болып табылады.
М.А. Айтхожин атындағы ИМББ қызметінің мақсаттары
Жарғыға сәйкес Институт қызметінің негізгі мәні ғылыми зерттеулер саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады. М.А. Айтхожин атындағы ИМББ қызметінің мақсаты адамның, жануарлардың, өсімдіктер мен микроорганизмдердің жалпы және молекулалық генетикасы мен жасушалық биологиясы саласында ғылыми зерттеулер жүргізу, қазіргі заманғы генетика мен жасушалық биологияның жаңа бағыттарын дамыту, медицина, экология және ауыл шаруашылығы үшін жаңа тиімді әзірлемелерді енгізу, генетикалық мониторингті қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар әлемдік ғылымның жетістіктерін мониторингтеу және зерделеу, Қазақстан Республикасында диагностикумдар мен тест – жүйелерді әзірлеу болып табылады.
М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты
Директор:
Шарипов Камалидин ОрынбайұлыҚР ҒЖБМ ҒК «Экономика институты» ШЖҚ РМК
«Экономика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің міндеті:
1) әлемдік экономикалық ғылымның даму үрдістерін ескере отырып, экономика саласында іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
2) қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер;
3) нарық конъюнктурасын зерттеу және қоғамдық пікірді зерделеу;
4) зерттеулердің алынған нәтижелерін жариялау және апробациялау;
5) Экономика институты қызметінің бейіні бойынша консультациялық және ғылыми-талдау қызметтерін көрсету;
6) Экономика институты қызметінің бейіні бойынша магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша ғылыми кадрлар даярлауға қатысу, тағылымдамалар мен біліктілікті арттырудың басқа да нысандарын өткізу болып табылады.
Директор:
Тургинбаева Ардак НесипбековнаҚР ҒЖБМ ҒК «А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты» ШЖҚ РМК
Институт қызметінің мәні ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Институт қызметінің мақсаты еліміздің әлеуметтік-мәдени ілгерілеуіне және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін нығайтуға, оның зияткерлік және рухани-адамгершілік әлеуетін арттыруға бағытталған іргелі және қолданбалы лингвистикалық зерттеулер жүргізу, қазақ және жалпы тіл білімінің теориялық және қолданбалы проблемаларын зерттеу үшін, мемлекеттік тілдің әлеуметтік функцияларын ойдағыдай дамыту үшін, Қазақстан Республикасы дамуының демократиялық қағидаттарын ескере отырып, тіл саясатын жүргізу үшін ғылыми-лингвистикалық база құру болып табылады.
Директор:
Фазылжан Анар МұратқызыҚР ҒЖБМ ҒК «М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты» ШЖҚ РМК
Институт қызметінің мақсаты:
- Қазақстан Республикасының алдында тұрған ерекше міндеттерді ескере отырып, әдебиеттануда, фольклортануда және өнертануда салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу;
- ғылыми конференциялар және басқа да ғылыми іс-шаралар өткізу;
- Институт қызметінің бейіні бойынша тағылымдамаларды және біліктілікті арттырудың басқа да нысандарын ұйымдастыру;
- магистратура және докторантура (философия докторы - РhD) арқылы ғылыми кадрлар даярлауды жүзеге асыру.
Директор:
Матыжанов Кенжехан СламжановичҚР ҒЖБМ ҒК «Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология иституты» ШЖҚ РМК
Кәсіпорын қызметінің мәні ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты тарихи ғылым, этнология (этнография) және антропология саласында іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын әзірлеу және жүргізу болып табылады.
Кәсіпорын қойылған мақсатты іске асыру үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) тарих ғылымдары, этнология (этнография) және антропология саласында іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
2) қазақ мемлекеттілігінің пайда болуы мен дамуы контекстіндегі ежелгі және ортағасырлық тарихты, қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының тарихын, Қазақстанның жаңа және қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық даму тарихын, дүниежүзілік тарихты, мәдениет тарихын зерттеу, антропологиялық және этнологиялық зерттеулер, тарихнама, деректану және тарихи-этнологиялық зерттеулердің қазіргі әдіснамасы;
3) Кәсіпорын қызметінің бейіні бойынша аяқталған зерттеулер мен конкурстық жобалардың ғылыми сараптамаларын жүзеге асыру;
4) Кәсіпорын қызметінің бейіні бойынша консультациялық және ғылыми-талдау қызметтерін көрсету;
5) ғылыми еңбектерді, мерзімді және сериялық басылымдарды басып шығару, ғылыми-техникалық деректер банкін қалыптастыру, Кәсіпорын қызметінің бейіні бойынша ғылыми конференциялар мен басқа да ғылыми іс-шаралар өткізу;
6) Кәсіпорын қызметінің бейіні бойынша аяқталған ғылыми зерттеулер мен конкурстық жобалардың ғылыми сараптамаларын жүзеге асыру;
7) Кәсіпорын қызметінің бейіні бойынша басқа ұйымдармен ғылыми ынтымақтастық;
8) Кәсіпорын қызметінің бейіні бойынша тағылымдамаларды және біліктілікті арттырудың басқа да нысандарын ұйымдастыру.
Директор:
Қабылдинов Зиябек ЕрмұханұлыҚР ҒЖБМ ҒК «Философия, саясаттану және дінтану институты» РМҚК
Кәсіпорын қызметінің мәні ғылыми зерттеулер жүргізу саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты:
- Қазақстан Республикасының әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік-саяси ілгері басуы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның зияткерлік және рухани адамгершілік әлеуетін дамытуға бағытталған философиялық-дүниетанымдық, философиялық-әдіснамалық, саясаттанушылық, дінтанушылық және әлеуметтанушылық зерттеулер жургізу;
- әлемдік және отандық философияның, саясаттанудың, дінтанудың, мәдениеттанудың және әлеуметтанудың өзекті проблемаларының іргелі, қолданбалы және ғылыми-талдамалық зерттеулерін жүзеге асыру;
- қазақ мәдениеті мен философиясының дүниетанымдық және теориялық-әдіснамалық проблемаларын зерттеу;
- Қазақстандағы демократиялық үрдістердің дамуына, азаматтық қоғамның негізгі институттарының қалыптасуына, қоғамның философиялық, саяси, рухани және гуманистік мәдениетінің дамуына ықпал ету болып табылады.
Директор:
Сейдуманов Серик ТураровичҚР ҒЖБМ ҒК «Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институты» ШЖҚ РМК
«А. Х. Марғұлан атындағы археология институты» ШЖҚ РМК Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихын зерттеу саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу ұйымы болып табылады.
https://archeo.kz/kk/
Директор:
Онгарулы АканҚР ҒЖБМ ҒК «Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты» ШЖҚ РМК
Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты шығыстану саласындағы Қазақстанның жетекші ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады.
Институт қызметінің мақсаты шығыстану саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу болып табылады.
https://shygystanu.kz/
Директор:
Мәсімханұлы ДүкенҚР ҒЖБМ ҒК «Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты» ШЖҚ РМК
«Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты» ШЖҚ РМК өсімдіктердің физиологиясы, генетикасы және биотехнологиясы бойынша жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарының бірі болып табылады.
Институттың қызметінің мәні ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады. Институт қызметінің мақсаты - ғылыми-техникалық дамудың мемлекеттік басты бағыттары негізінде биотехнология саласында ғылыми зерттеулерді дамыту, мемлекеттік, аумақтық және салалық ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар әзірлеу мен оларға қатысу және мемлекет үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар биотехнология саласындағы отандық және әлемдік жаңа тиімді әзірлемелер енгізу.
Институт қызметiнiң басты бағыты - елдiң азық-түлiктiк, экологиялық және биологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң ғылыми-практикалық негiздерiн әзiрлеу үшiн мәдени өсiмдiктер мен олардың жабайы туыстарының генетикалық ресурстарын сақтауға, зерттеуге және ұтымды пайдалануға бағытталған өсiмдiктердiң физиологиясы, генетикасы мен биотехнологиясы саласындағы iргелi және қолданбалы зерттеулердi орындау. Ғылыми қызметтің негізгі түрлері: - дәстүрлі және биотехнологиялық әдістерді ұштастыру негізінде тағамдық, азықтық, емдік, сәндік және техникалық өсімдіктердің өнімділігі жоғары және стресске төзімді жаңа формалары мен сорттарын жасап шығару; өсімдіктердің биотехнологиясы, ауылшаруашылығы дақылдары сорттарының тұқым шаруашылығы салаларында ғылымды көп қажет ететін өндірістер ұйымдастыру және құру; ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, тамақ өнеркәсібі қажеттілігі үшін, биологиялық белсенді заттар алудың биотехнологияларын әзірлеу; - өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы саласында деректер банктерін қалыптастыру.
Институттың ғылыми әлеуетін өсімдіктер физиологиясы мен биохимиясы, өсімдіктер генетикасы, биология, биотехнология, экология саласындағы жоғары білікті мамандар құрайды.
Директор:
Ермекбаев Канат АбайұлыҚР ҒЖБМ ҒК «Зоология институты» ШЖҚ РМК
Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты зоология саласында іргелі және қолданбалы инновациялық зерттеулер жүргізу, Қазақстанның қазіргі заманғы жануарлар әлемі, сондай-ақ бұрынғы геологиялық дәуірлердің фаунасы туралы жаңа ғылыми білімдер алу, оның эволюциясын, филогениясын, түрлердің биотүрлілігін зерделеу және қоршаған ортаның жай-күйіне байланысты популяция мен қоғамдастықтар серпінінің заңдылықтарын белгілеу, ғылыми зерттеулердің базасында жүзеге асырылған жаңа тиімді әзірлемелерді ендіруді ғылыми-техникалық қамтамасыз ету болып табылады.
Директор:
Есжанов Айдын БауыржанұлыҚР ҒЖБМ ҒК «Маңғышлақ эксперименталдық ботаникалық бағы» РМК
Маңғышлақ эксперименттік ботаникалық бағының негізгі ғылыми бағыттары:
- Батыс Қазақстанның шөлді аймағының төтенше табиғи жағдайларында құрылған өсімдіктердің бірегей коллекциялық қорын сақтау және дамыту;
- Қазақстандық Каспийдің құрғақ жағдайында өсімдіктерді енгізу және акклиматизациялау саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу;
- Өсімдіктерді қорғаудың (in situ және ex situ) және өсімдік ресурстарын басқарудың ғылыми негіздерін әзірлеу;
- Сирек, жойылып кету қаупі төнген және экзотикалық өсімдіктердің мәдениеті жағдайында қорғау және өсімін молайту;
- Өсімдіктердің топтамаларын, тұқымдық және гербарий қорларын құру, өсімдіктердің өндірістік ассортиментін әзірлеу;
- Өсімдіктердің интродукциялық питомниктерін құру, тұқым және отырғызу материалдарын өсіру және сату үшін ашық және жабық топырақтың репродуктивті питомниктік базасын дамыту;
- Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау режимдерін ұйымдастыру және іске асыру.
Директор:
Иманбаева Ақжүніс АлтайқызыҚР ҒЖБМ ҒК «Математика және математикалық моделдеу институты» ШЖҚ РМК
«Математика және математикалық модельдеу институты» ШЖҚ РМК Қазақстандағы математика, механика және математикалық модельдеу бойынша жетекші ғылыми-зерттеу және консультативтік орталықтардың бірі болып табылады.
Институт негізгі қызметінің математика, ақпараттық технологиялар, механика және математикалық модельдеу саласында әлемдік деңгейдегі іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы қазақстандық математикалық ғылымды дамыту, жалпы алғанда, Қазақстанда, атап айтқанда, әлемдік ғылымның жетістіктерін зерделеу және қорыту болып табылады.
Институттың ғылыми әлеуетін жоғарыда аталған салалардағы жоғары білікті мамандар құрайды. Атап айтқанда функциялар теориясы және функционалдық талдау, дифференциалдық теңдеулер, физикалық процестерді математикалық модельдеу, механика, алгебра және математикалық логика.
Директор:
Иманғалиев Ернар ИманғалиұлыҚР ҒЖБМ ҒК «Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты» ШЖҚ РМК
ТолығырақДиректор:
Бибосынов Асылхан ЖәнібекұлыҚР ҒЖБМ ҒК «Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты» ШЖҚ РМК
«Ақпараттық және есептеу технологиялары инстиуты» шаруашылық шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің міндеті – ақпараттық және есептеуіш технологиялар, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік саласында іргелі және қолдаңбалы ғылыми зерттеулер жүргізу болып табылады.
Институт қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
- ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыру;
- ақпараттық қауіпсіздік саласында даярлауды, қайта даярлау мен біліктілікті арттыруды жүзеге асыру;
- мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
- стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеу мен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жобаларға ғылыми-техникалық сараптама жүргізу.