Жиі қойылатын сұрақтар
Заңның 20-бабына сәйкес, басшылық лауазымдарға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында магистратура бағдарламалары бойынша даярлау жүргізіледі. Оқытуға даярлаудың бірінші кезеңін сәтті аяқтап, мемлекеттік қызметте үш жылдық міндетті жұмыс өтілін орындаған тұлғалар қабылданады. Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы басшылық лауазымдарға конкурссыз тағайындала алады және мемлекеттік қызметте тағы үш жыл міндетті түрде жұмыс істеуге тиіс.
Осылайша, жаңа Заң мемлекеттік аппарат үшін жас мамандарды іріктеу, даярлау және олардың мансаптық дамуын сүйемелдеудің толыққанды жүйесін қалыптастырады. Аталған өзгерістердің басты мақсаты – мемлекеттік қызметті ең қажетті бағыттар бойынша білікті кадрлармен қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтің болашақ дамуы үшін тұрақты кадрлық резерв қалыптастыру.
Заңның 19-бабына сәйкес, бағдарламаны аяқтаған түлек мемлекеттік қызметте кемінде үш жыл міндетті түрде жұмыспен өтеуге тиіс. Заңнамада және уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жалпы конкурстық іріктеуден өтпей-ақ жергілікті атқарушы органдардағы төменгі лауазымдарға конкурссыз тағайындалу құқығына ие болады.
Заңның 18-бабына сәйкес, ерте кәсіптік бағдарлаудың негізгі мақсаты – азаматтарды мемлекеттік қызметке ерте кезеңнен бастап даярлау және мемлекеттік қызметке қажетті кәсіби әрі басқарушылық кадрларды қалыптастыру. Даярлау екі бағытта жүргізіледі:
төменгі лауазымдарға орналасуға даярлау;
басшылық лауазымдарға орналасуға даярлау.
Заңның 24-бабының 2-тармағына сәйкес, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың өңірлік жастар кадр резервіне алынған Қазақстан Республикасының азаматтарын тағайындау астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың өңірлік жастар кадр резервіне алынған күннен бастап екі жыл ішінде осы Заңда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
Заңның 24-бабының 2-тармағына сәйкес, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың өңірлік жастар кадр резервіне алынған Қазақстан Республикасының азаматтарын тағайындау астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың өңірлік жастар кадр резервіне алынған күннен бастап екі жыл ішінде осы Заңда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
Заңның 24-бабының 3-тармағына сәйкес, Президенттік жастар кадр резервін, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың өңірлік жастар кадр резервін қалыптастыру, мемлекеттік қызметтің кадр резервінен мемлекеттік лауазымдарға тағайындау Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен жүзеге асыралады.
Заңның 24-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметтің кадр резервіне Президенттік жастар кадр резервіне, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың өңірлік жастар кадр резервіне алынған Қазақстан Республикасының азаматтары енгізіледі.
Заңның 24-бабының 2-тармағына сәйкес, Президенттік жастар кадр резервіне алынған Қазақстан Республикасының азаматтарын тағайындау Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы уәкілетті комиссияның шешімімен Президенттік жастар кадр резервіне алынған күннен бастап үш жыл ішінде осы Заңда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
Заңның 24-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары кандидаттарды мемлекеттік қызметтің кадр резервіне алу туралы шешім шығарылған күннен бастап резервтегі адам мәртебесіне ие болады және оны Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметтің кадр резервінен шығарылған күннен бастап жоғалтады.
25-баптың 2-тармағына сәйкес, тағайындау алдындағы бір жыл ішінде өзінің тікелей қарамағындағы
мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін орнынан
түскен саяси мемлекеттік қызметшіні саяси мемлекеттік лауазымға тағайындауға
жол берілмейді.