Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау

Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау мәселелерінде мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру:

  • мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүргізу;
  • мемлекеттiк органдармен немесе лауазымды адамдармен мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнаманы және қызметтік әдеп нормаларын бұзу сұрақтары бойынша шағымдарды қарау;
  • мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізу;
  • тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізу;
  • заңнаманы бұза отырып қабылданған шешімдердің күшін жою туралы ұсыныстар енгізу;
  • әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;
  • мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бақылау саласында басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
  • мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беру;
  • мемлекеттік қызмет және қызметтік әдеп саласында бақылау бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
  • қызметтік әдеп нормаларының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу;
  • Әдеп жөніндегі кеңестердің жұмысын үйлестіру;
  • Әдеп жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысын үйлестіру;
  • Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және әдіснамалық қамтамасыз ету;
  • Әдеп жөніндегі комиссияның ұсыныстары бойынша қолданылған тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алып тастауды келісу;
  • «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсын өткізу;
  • әдептік құқық бұзушылықтардың профилактикасы саласында басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
  • «Үздік әдеп жөніндегі уәкіл» республикалық конкурсын өткізу;
  • Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың дербес құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының өздеріне тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылуына мониторинг жүргізу;
  • ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен өзара әрекеттесу;
  • «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына мониторинг ұйымдастыру;
  • Агенттіктің және оның аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының қауіпсіз жұмыс істеуін ұйымдастыру;
  • Агенттіктің қызметшілерімен, аумақтық органдармен, ведомстволық ұйымдармен және Агенттікке қызметтерді/тауарларды/жұмыстарды қамтамасыз ететін компаниялармен ақпараттық қауіпсіздік саясатын ұстануды бақылау;
  • ақпаратты қорғау саласында Агенттікті аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдармен жабдықтау бойынша шараларды жүзеге асыру;
  • ақпараттық қауіпсіздік саласында қызметтер, тауарлар және жұмыстарды сатып алуға техникалық спецификацияларды әзірлеу;
  • ақпараттық қауіпсіздік саласында актівтерді инвентаризациялау және материалдық құндылықтар бойынша жұмыстарды өткізу;
  • серверлерде, желілік экрандарда және басқару коммутаторларында ақпараттық қауіпсіздік саясаттар және ережелерді жүйеге келтіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  • ақпараттық қауіпсіздік талаптарын бұзуларды анықтау бойынша шараларды жүзеге асыру.

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Оқиғалар күнтізбесі

Барлық оқиға

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Егер мемлекеттік әкімшілік қызметші жаңа теріс қылық жасамаса және бұл ретте өзін адал қызметкер ретінде көрсетсе, тәртіптік жаза алты ай өткенге дейін алынып тасталуы мүмкін.

Тәртіптік жазаны мерзiмiнен бұрын алу үшiн жаза қолданылған мемлекеттік әкімшілік қызметшiнiң тiкелей басшысы уәкілетті адамға тиісті ұсыныс енгізеді.

Егер тікелей басшы уәкілетті адам болып табылса, тиісті ұсынысты персоналды басқару қызметі енгізеді.

Бұл ретте, осы Қағидалардың 86-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, .Ұлттық комиссияның, Өңірлік кадр комиссиясының, Әдеп жөніндегі комиссияның, Әдеп жөніндегі кеңестің немесе мемлекеттік органның тәртіптік комиссияның ұсынымы бойынша қолданылған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастауды оны қолданған уәкілетті адам тиісінше Ұлттық комиссияның, Әдеп жөніндегі комиссияның, Өңірлік кадр комиссиясының, Әдеп жөніндегі кеңестің немесе мемлекеттік органның тәртіптік комиссиясының келісімімен жүргізеді.