Жиі қойылатын сұрақтар
Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі функциялары:
Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп нормалары мен заңнама талаптары бойынша кеңес беру.
Әдеп бұзушылықтардың алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Қызметтік әдеп нормаларын сақтау мониторингін жүргізу.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу.
Ұжымда жағымды моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға ықпал ету
Мемлекеттік әкімшілік қызметшіні басқа мемлекеттік органға тағайындаған жағдайда, оған бұрын қолданылған тәртіптік жаза алып тасталды деп есептеледі.
Мемлекеттік қызметші бір мемлекеттік органның ішінде бір бөлімшеден екіншісіне ауысқан жағдайда, сонымен қатар функционалдық міндеттері өзгерген жағдайда, ол осы мемлекеттік органда мемлекеттік қызметті өткеруі мүмкін. Мұндай жағдайда мемлекеттік қызметшінің осы мемлекеттік органдағы қызметі тоқтатылмайды. Бұл бір мемлекеттік орган шеңберінде деңгейлес жүріп-тұру немесе төмен тұрған лауазымдарға ауысу кезінде де орын алады.
Баяндалғаның негізінде, мемлекеттік қызметшілерден тәртіптік жазаны алып тастау туралы мәселені шешуді мемлекеттік органдар заңнамада көзделген талаптарды ескере отырып, дербес қабылдайды.
Уәкілетті адамға комиссияның тәртіптік жаза қолдану туралы ұсынымы келіп түскен күн тәртіптік теріс қылық анықталған күн болып саналатынын түсіндіреміз.
Тәртіптік жаза теріс қылық анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады және теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей қолданыла алмайды.
Жоғарыда көрсетілген мерзімдерді сақтау мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауаптылығын қарау кезінде мемлекеттік органдар үшін міндетті талап болып табылады.
Осылайша, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану екі мерзім де, яғни теріс қылық анықталған күннен бастап және ол жасалған күннен бастап ғана мүмкін болады.
Егер мемлекеттік әкімшілік қызметші жаңа теріс қылық жасамаса және бұл ретте өзін адал қызметкер ретінде көрсетсе, тәртіптік жаза алты ай өткенге дейін алынып тасталуы мүмкін.
Тәртіптік жазаны мерзiмiнен бұрын алу үшiн жаза қолданылған мемлекеттік әкімшілік қызметшiнiң тiкелей басшысы уәкілетті адамға тиісті ұсыныс енгізеді.
Егер тікелей басшы уәкілетті адам болып табылса, тиісті ұсынысты персоналды басқару қызметі енгізеді.
Бұл ретте, осы Қағидалардың 86-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, .Ұлттық комиссияның, Өңірлік кадр комиссиясының, Әдеп жөніндегі комиссияның, Әдеп жөніндегі кеңестің немесе мемлекеттік органның тәртіптік комиссияның ұсынымы бойынша қолданылған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастауды оны қолданған уәкілетті адам тиісінше Ұлттық комиссияның, Әдеп жөніндегі комиссияның, Өңірлік кадр комиссиясының, Әдеп жөніндегі кеңестің немесе мемлекеттік органның тәртіптік комиссиясының келісімімен жүргізеді.