Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде 8D08101 – «Агрономия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін ұсынылған Калин Арман Кабдрахманұлының «Ақмола облысының төбе-жазық аймағы жағдайында органикалық егіншілік элементтерін қолдана отырып, тұқымға жоңышқа өсіру ерекшеліктері» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.