М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жанындағы «8D071 – Инженерия және инженерлік іс» даярлау бағыты «8D07180 (6D072400) – Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша)» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесте «8D07105 – Технологиялық машиналар және жабдықтар» білім беру бағдарламасы аясында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Хамитбек Аят Хайыржанұлының «Балқарағай жаңғағын қабығынан ажырату қондырғысын жасау» тақырыбындағы докторлық диссертациясын қорғауы өтеді.