«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-да 8D07101 «Машина жасау», 8D07102 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламалары және 6D071200 «Машина жасау» және 6D071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандықтары бойынша диссертациялық кеңесте 8D07101 – «Машина жасау» білім беру бағдарламасы бойынша (PhD) философия докторы дәрежесін алу үшін Ким Анна Станиславовнаның «Қайта пайдалану үшін майлау-салқындату сұйықтығын ультрадыбыстық регенерациялау әдісін әзірлеу» тақырыбындағы докторлық диссертациясының қорғауы өтеді.