«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеЕАҚ-да 6D073000 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін ұсынылған Таудаева Айнур Амангалиевнаның «Батыс Қазақстанның кремнилі тау жынысы – опока негізіндегі қабырға керамикасын өндіру технологиясы және физикалық-механикалық қасиеттері» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.