М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде 8D07411 – «Гидротехникалық құрылыс және құралымдар» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін ұсынылған Шаншабаев Нұржан Асқарбекұлының «Пирамидалдық-призмалы қадалардың конструкциясын әзірлеу және олардың гидротехникалық құралымдардың жеке тұрған іргетастарын орнату үшін жүк көтеру қабілетін бағалау» тақырыбы бойынша диссертациялық жұмысының қорғауы өтеді.