«Торайғыров университеті» КЕАҚ-да «8D07201 – Металлургия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған Кенжебекова Анар Ерболатовнаның «Болат балқыту қалдықтарынан металдандырылған агломерат өндіру технологиясын зерттеу және әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.