«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ (PhD) философия докторы дәрежесін алу үшін Ержан Айдананың 8D07203 – «Металлургия» мамандығы бойынша «Ферроқорытпа өндірісінің жоғары дисперсті шаңын кесектеу және кәдеге жарату мақсатында технологиясын зерттеу және әзірлеу» тақырыбында докторлық диссертациясы қорғалады. Диссертациялық жұмыс «Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ-ның «Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасында және Ресей Федерациясы, Екатеринбург қаласындағы Ресейдің тұңғыш Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федералдық университетінде орындалды.