«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-да «8D07101 – Машина жасау», «8D07102 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламалары және «6D071200 – Машина жасау» және «6D071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандықтары бойынша диссертациялық кеңесте «8D07101 – Машина жасау» білім беру бағдарламасы бойынша (PhD) философия докторы дәрежесін алу үшін Мухитова Аделия Ержановнаның «Электр қозғалтқышының біліктерін қалпына келтіру кезінде олардың технологиялық сапасын қамтамасыз ету әдістерін жетілдіру» тақырыбында докторлық диссертациясы қорғалады.