С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде 8D07106 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» (D104 – «Көлік, көлік техника және технологиялар») білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Салтанат Амангелдіқызы Нуркушеваның «Қайшы тәрізді автомобиль көтергіш платформасының параметрлерін ғылыми негіздеу» тақырыбындағы докторлық диссертациясының қорғауы өтеді.