Жиі қойылатын сұрақтар
Патрульдік полиция балалармен автобус бағаналаларын ілесіп жүруді Жол жүрісі қағидаларына (ІІМ-нің 2023 жылғы 30 маусымдағы №534 бұйрығы) сәйкес жүзеге асырады. Бағана екі немесе одан да көп автобустардан тұрса, патрульдік полиция сыртқы қауіптерден қорғау арқылы маршруттағы қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етеді. Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету және ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу үшін ілесіп жүру бағанның артқы жағында да, алдыңғы жағында да жүзеге асырылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) және шешімдеріне шағымдану ӘҚБтК 44 және 44-1-тарауларының тәртібімен жүзеге асырылады.
Әкімшілік заңнама нормаларын түсіндіру Қазақстан Республикасыныі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес беріледі.
Жүргізуші куәлігінің берілгенін растау ІІМ ақпараттық базасында қамтылған деректер негізінде жүзеге асырылады. Ол үшін тұрғылықты жері бойынша тіркеуді жүзеге асыратын органға жазбаша өтініш беру қажет. Қазақстан Республикасы ІІМ ақпараттық ресурстары куәліктің иесі, берілген күні, сериясы мен санаты, сондай-ақ оның қолданылу мерзімі туралы ақпаратты қоса алғанда, жүргізуші куәлігін беру туралы деректерді ұсынады.
«ҚР сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» заңна сәйкес, сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жататын өтініштер, арыздар мен шағымдарды ешбір басқа органдар, лауазымды адамдар немесе өзге де адамдар қарауға немесе бақылауға ала алмайды.
ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабына сәйкес Қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ, жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және (немесе) аң аулау қағидаларын бұзу ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Учаскені тексергеннен кейін жол белгісін орнату үшін ұйғарым берілді.
Жол қауіпсіздігін және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы ІІМ 2016 жылғы 22 шілдедегі № 757 бұйрығына, сондай-ақ ЖЖТ сәйкес 5.16.1. және 5.16.2. «жаяу жүргінші» жол белгілері орнатылады.
ІІМ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, тыныштық бұзу саласында қажетті жүйелі шаралар кешенін әзірлеу жұмыстарын жүргізуде.
ӘҚБтК-нің 407-2-бабы 1-бөлігінің 4) тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының жануарларға жауапты қарау, атап айтқанда үй жануарларын күтіп-бағу және серуендету саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға – жиырма, заңды тұлғаларға – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл көзделген.
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта бұзылған жағдайда (Жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға - қырық АЕК мөлшерінде айыппұл).
Ішкі істер органдарынан басқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, өсімдіктер дүниесін қорғау, қалпына келтіру және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органдар құқылы.
Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда балағат сөздер айту, жеке тұлғаларды қорлау, ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау және айналасындағыларға құрметсіздік білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер-айыппұл салуға әкеп соғады жиырма айлық есептік көрсеткіш немесе бес тәуліктен он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу қарастырылған.