Жиі қойылатын сұрақтар
Мүлікке тыйым салу қажет болған жағдайда, сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын тұлға күдіктінің немесе олардың әрекеттері үшін заң бойынша мүліктік жауапкершілікті мойнына алатын тұлғалардың мүлкіне тыйым салу туралы өтініш беру үшін қаулы шығарады.
Қылмыстық қудалау органы лауазымды тұлғасы қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімі бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалуы мүмкін қылмысты жасаған деп күдіктелген тұлғаны Қылмыстық процестік кодексінің 128-бабында көзделген негіздер болған жағдайда ұстауға құқылы.
Қылмыстық процессуалдық заңды бұзу арқылы алынған фактілік деректер дәлел ретінде қабылданбайды және айыптау негізі бола алмайды.
Қорғану құқығы бар куәге тиесілі құқықтар Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 65-1-бабында реттелген.
Сотқа дейінгі тергеу мерзімдері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 45-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда тоқтатылады.
Куә, күдікті және айыпталушының қорғану құқығы бар, ол өз бетінше немесе қорғаушының көмегімен жүзеге асырылады. Органдар құқықтарды түсіндіруге және қорғану мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті, оның ішінде заңда белгіленген жағдайларда қорғаушының міндетті түрде қатысуын қамтамасыз етеді. Қорғаушының қатысуы аталған адамдардың өз құқықтарын жүзеге асыруын шектемейді.
Банк пен полицияға хабарласу қажет.
«Электрондық Үкімет» порталында, «EgovMobile» мобильді қосымшаларында және екінші деңгейдегі банктерде «цифрлық құжаттар» сервисін жаңарту қажет.
«Жол қозғалысы туралы» Заңның 57-бабына сәйкес электр скутерлерінің велосипед жолында, велосипед жолағында, жолдың жүріс бөлігінің оң жақ шетінде жүруіне рұқсат етіледі.
Алаяқтардың құрбаны болмас үшін өзіңіздің жеке деректеріңізді, карта реквизиттеріңізді және кодтарыңызды ешкімге хабарламаңыз, күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және бөтен қосымшаларды орнатпаңыз, сондай-ақ құпиясөздерді үнемі өзгертіп, шоттарыңыздағы қаражат қозғалысын бақылап отырыңыз.