«Қазақстан санаторийі» АҚ
«Қазақстан санаторийі» АҚ өз тарихын 1985 жылдың шілде айынан бастап, ҚазССР ІІМ қарасты көп бейінді, ауруларды стационарлық емдеуден кейінгі санаторий-курорттық сауықтыру және оңалтуға арналған санаторий ретінде танымал болған.
1999 жылдың наурыз айында санаторий мен ІІМ госпиталі ҚР ІІМ «Қазақстан» емдеу кешені» РМҚК кәсіпорны болып біріктіріліп, амбулаторлық, стационарлық және санаторий-курорттық сауықтырумен бірлескен толық диагностикадан бастап оңалтуға дейінгі кешенді емді қамтитын жаңа бағытта жұмыс жасай бастаған.
«Қазақстан санаторийі» АҚ Алматы қаласының оңтүстік-шығысында, Іле-Алатауының бөктерінде, сондай-ақ теңіз деңгейінен 1080 метр биіктікте, табиғаты әдемі жерде орналасқан.
Санаторийдің таулы ауа-райы, қоршаған табиғаттың әдемі көрінісі жүйке және жүрек-тамыр, тыныс алу мүшелері, қозғалыс-тіреу аппараты, сондай-ақ гинекологиялық және урологиялық аурулармен ауыратын адамдар үшін пайдасы зор. Сауықтыру шараларының әсері бальнотерапия және минералды сумен, жылу және физио емдеу шараларымен ерекше үйлеседі.
Санаторий өзінің жеке минералды родонды қайнар көзімен ерекшеленеді. +45-55 С температурасындағы минералды су 2100-2300 метр тереңдіктен көтеріледі және фтор қоспасы көп, сілтісі аз кремнисті акротермаға және родонға жатады. Осындай минералды су сүйек-бұлшықеттері жүйесі, жүйке жүйесі, кейбір жүрек-қантамырлары, тері, аллергия, гинекология ауруларын емдеу үшін сыртқы бальнео емдеу шараларына қолданылады.
«Қазақстан санаторийінде» диагностикалық, медициналық және санаторлық-курорттық қызметтерін үздіксіз көрсетуді қамтамасыз ететін мамандар жұмыс жасайтын үлкен ұжым қалыптасқан.
Басшы: АҚ президенті Иманбердиев Нұрсұлтан Жұмабекұлы
Мекен-жайы: Алматы қ., Достық даңғылы 308
Телефоны: 8 7272 64 23 73
Веб-сайт: https://kazsan.tilda.ws/