Бөрлі аудандық орталық кітапханада Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Ту түбінде – бірлік, Елтаңбада – тарих, Әнұранда – намыс» атты мазмұнды әрі тартымды логикалық сайыс ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушылардың ел рәміздері туралы білімдерін тереңдету, отансүйгіштік сезімін арттыру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулу болды.