ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің оқу зерттеу «Экобиоорталығы» КҚММ
«Оқу-зерттеу экобиоорталығы» қызметкерлер мен оқушылардың оқу-тәрбие, әдістемелік, ғылыми-зерттеу, табиғат қорғау, биологиялық-насихаттау, мәдени-ағарту және өндірістік қызметін ұйымдастыратын және жүзеге асыратын өңірлік мамандандырылған қосымша білім беру мекемесі болып табылады.
«Оқу-зерттеу экобиоорталығы» қаладағы және облыстағы үздіксіз экологиялық білім берудің негізгі буыны болып табылады, осыған байланысты білім алушылар контингенті әртүрлі жас топтарын – бастауыш буын, орта және жоғары сыныптарды (5-8 сыныптар) қамтиды.
Оқу жоспарында 4 пәндік бағытты қамтитын18 үйірмелік бірлестіктен 44 оқу тобы құрылатыны қарастырылған.
Үйірме бірлестіктерінің бір бөлігі өңірлік компонентті пайдалана отырып, зерттеу және эксперименттік қызметке шығу арқылы мектептегі табиғи цикл пәндері бойынша білімдерін кеңейтуді және тереңдетуді көздейді. Бұл натуралистік профильдегі үйірмелік бірлестіктерге қатысты: «Энтомология негіздері бар зоология», «Биологиялық экология негіздері бар зоология», «Агротехника негіздері бар ботаника», «Гүл өсіру», «Ихтиология негіздері бар квариумистика».
Туризм және өлкетану бағытына «Экологиялық туризм негіздерімен өлкетану» кіреді.
Жоспарда сонымен қатар, ғылыми білім беру бейіндегі үйірме бірлестіктері айқындалған, олар эксперименттік іс-шараларға негіз болатын «Ғылыми жоба», «Мен зерттеушімін» (мемлекеттік тілдегі), «Эксперименттік өлкетану» тақырыптарын қамтиды. Кешенді биологиялық және эстетикалық сипаттағы үйірме бірлестігі – «Фитодизайн және аранжировка
2023-2024 оқу жылында оқушылардың жалпы саны 663 адамды құрайды.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында үйірме бірлестіктерінің оқу жоспары мен бағдарламаларында тәжірибелік сабақтардың саны көптеп қарастырылған, олар «ОЗ экобиоорталығы» бас ғимаратындағы оқу зертханаларында тірі табиғи объектілер полигонында, сондай-ақ, жылыжай зертханасының ғимараты мен мектеп оқушыларының Шығармашылық сарайының базасында екі зертханада өтеді. Кейбір сабақтар экологиялық-биологиялық мазмұндағы және экспедициялық жағдайдағы экскурсиялар түрінде «ОЗ экобиоорталығы» автокөліктерін пайдалана отырып, жергілікті жердегі экологиялық мониторинг станциясы шеңберінде өткізіледі.
Қалалық білім бөлімімен келісе отырып, «ОЗ экобиоорталығы» оқушыларға арналған өңірлік «Зияткер» академиясының жұмысының күнтізбелік жоспарын жасады.
«ОЗ экобиоорталығы» Өскемен қаласы мен Шығыс Қазақстан облысындағы экологиялық-биологиялық бағыттағы ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарының орталығы болып табылады, осыған байланысты жоспарда жетекшілері білікті педагогтар мен ғалымдар болып табылатын эксперименттік топтар анықталған ( Цыганов А.П.- биология ғылымдарының кандидаты, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ экология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Лукьянец Ю.Г.- жоғары санатты педагог, Нұржан Г.- «Экология» мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымының магистрі, жоғары санатты педагог).