Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 12 «санаториялық балабақша-бөбекжайы» балабақшасы» КМҚК
«№12 «Светлячок» балабақшасы» КМҚК үш жастан алты жасқа дейінгі балаларды қарауды, күтуді және сауықтыруды жүзеге асырады. Профилактикалық, санитарлық-гигиеналық, сауықтыру шаралары мен рәсімдеріне көп көңіл бөлінеді. Сондай-ақ қант диабеті ауруы бар және жиі ауыратын балаларға ерекше назар аударылады.
Балабақшада балаларды кешенді сауықтыру, дене шынықтыру, экологиялық тәрбие беру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған: музыка залы, баланы жан-жақты дамыту бөлмесі, ертегі терапиясы бөлмесі, тұз бөлмесі, физиотерапия бөлмесі, дене шынықтыру бұрышы, балабақша аумағындағы спорт алаңы.
Тұз бөлмесі суық тиюдің алдын алуға көмектеседі, иммунитетті нығайтады. Тұз бөлмесінде болу баланың физикалық және психикалық денсаулығына пайдалы әсер етеді. Кішкентай бүлдіршіндер көңілдері жайланып, сабырлы болады. Жүрек-тамыр жүйесінің жұмысы қалыпқа келеді. Баланың тұз бөлмесінде болуы дененің қорғаныс қызметін арттырады және тыныс алу органдарының ауруларының алдын алады.
Баланы жан-жақты дамыту бөлмесі. Бұл бөлмеге құммен сурет салу, ұсақ моториканы дамытатын кешен, Lego үстелдер, массаж төсеніші, ертегі терапиясы және рөлдік ойындар кіреді. Бұл шығармашылықты ынталандырудың әмбебап даму жүйесі. Осының барлығы баланың кеңістіктік қиялын, зейінін, есте сақтау қабілетін, ұсақ қолмоторикасын дамыту жолдары.