ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 42 орта мектебі» КММ

Мектеп А.С. Куленов атындағы шағын ауданда орналасқан, стандартты төрт қабатты панельді ғимаратта, екі спорт залы бар, жобалық қуаты 734 орындық.

Қазіргі таңда мектепте 50 оқу кабинеті және 819 оқушы білім алуда. Мектеп 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз етеді. 3-5 жас аралығындағы 66 баланы оқыту шағын орталықта 4 топта жүргізіледі, оның екеуі мемлекеттік тілде, екеуі орыс тілінде. Мектепалды даярлық сыныптары да бар. Самсоновка ауылының 95 оқушысы көлікпен қамтамасыз етілді. ШҚО «Үміт» қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ-де 140 бала оқиды. Мектепте және шағын орталықта инклюзивті білім беріледі, оның ішінде педагог-ассистенті де қолдау көрсетеді.

Мектеп оқушылары қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі пәндік олимпиадалар мен жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Мектепте 86 жоғары білікті маман жұмыс істейді: 20 мұғалім-зерттеуші, 16 мұғалім-сарапшы, 16 мұғалім-модератор, 9 магистр.

Мектепте барлығы 32 оқу кабинеті мен 4 зертханалық кабинет бар. Мектептің сыртқы аумағында үлкен спорт алаңы, баскетбол және футбол алаңдары және автотұрақ бар.