ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 18 орта мектебі» КММ

Мекеме қызметінің мақсаты: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген білім берудің әрбір деңгейі бойынша ғылым жүйесінің базистік негіздерін меңгеру негізінде тұлғаның құзыреттілігін, жан-жақты дамуын және кәсіби бағдарлануын қалыптастыру болып табылады.

Мақсатқа жету үшін мекеме келесі міндеттерді орындайды:

1) құзыретті тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру арқылы білім алушылар мен тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдайлар жасау;

2) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген ғылымның базистік негіздерін алуын қамтамасыз ету;

3) жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;

4) азаматтыққа және патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

5) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

6) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу;

  • Мекемедегі оқу-тәрбие процесі қолданыстағы үлгілік қағидалар бойынша әзірленген және бекітілген үлгілік оқу бағдарламалары мен жұмыс оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады. Адамдардың жекелеген санаттарыүшінпсихологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың ұсынымдарын ескере отырып айқындалатын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің даму ерекшеліктері мен әлеуетті мүмкіндіктерін ескеретін арнайы оқу бағдарламалары іске асырылады..
  • Мекемеде оқыту мен тәрбиелеу тілі мемлекеттік және орыс тілі болып табылады.
  • Оқу сабақтарының ұзақтығы және мекемедегі каникул күндерін бөлу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады.
  • Жұмыс тәртібі мен ауысым санын Мекеменің алқалы органы бекітеді.
  • Оқушыларды мекемеге қабылдау және оқудан шығару Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
  • Білім алушылардың үлгерімін, аралық және қорытынды аттестаттауын ағымдағы бақылау қолданыстағы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
  • Мекемеде ата-аналардың (заңды өкілдердің) мүдделерін ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту көзделген.
  • Мекемеде типтері мен түрлеріне қарамастан барлық білім беру ұйымдары үшін тиісті білім беру деңгейлерінің міндетті мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары іске асырылады.
  • Мекемеде денсаулық жағдайына байланысты коммуналдық мемлекеттік мекемеде сабаққа қатыса алмайтын және үйде оқитын он сегіз жасқа дейінгі 1-11 сынып балалары үшін жеке оқыту жүзеге асырылады.
  • Мекемеде оқушыларды оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
  • Мекемеде тәрбиеленушілер мен білім алушыларды медициналық қамтамасыз ету ұйымдастырылады.
  • Мекемеде білім алушылардың сапалы тамақтануын ұйымдастыру үшін жағдай жасалған.
  • Мектепке дейінгі білім беру мекемесі мектепалды даярлық сыныптары мен шағын орталық арқылы жүзеге асырылады. Шағын орталықтың жұмыс істеу тәртібі қолданыстағы заңнамада айқындалған .
  • Тиісті жағдайлар болған кезде оқушылардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініштері негізінде мекеменің жергілікті актісіне сәйкес Мекемеде ұзартылған күн топтары ашылуы мүмкін.
  • Білім алушылар мен тәрбиеленушілер қолданыстағы талаптарға сәйкес мекемеде белгіленген киім нысанын сақтауға міндетті.
  • Қашықтықтан оқыту білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Мекемеде жүзеге асырылады.
  • Мекемеде жұмыскерлердің штат саны қолданыстағы үлгілік штаттарға сәйкес белгіленеді.
  • Педагог лауазымына педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін адамдар қабылданады. Қабылдау рәсімі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған.
  • Қызметкерлер мен білім беру ұйымының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.
  • Мекеме бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету ережелеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді.
  • Мекемеде білім алушының, заңды өкілдердің өзара қарым-қатынасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын үлгілік шартпен реттеледі.
  • Мекемеде нәсілдік, этникалық, діни, әлеуметтік непасыздық пен эксклюзивтілікті насихаттауға, халықаралық құқық пен гуманизмнің жалпыға бірдей танылған қағидаттарына қайшы келетін милитаристік және өзге де идеяларды таратуға тыйым салынады
  • Білім беру ұйымдарына алып өтуге тыйым салынған заттар мен заттардың тізбесі қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерде айқындалған.
  • Мекеме аумағында өткізу режимі ұйымдастырылған, оның тәртібі Мекеменің педагогикалық кеңесі бекіткен ішкі тәртіп ережелерімен айқындалған.
  • Лицензиялауға жататын қызмет түрлерін Мекеме тиісті лицензияны алғаннан кейін жүзеге асырады. Хабарлама жасау тәртібі қызметінің түрлері хабарлама жіберілгеннен кейін жүзеге асырылады
  • Ақылы қызметтерді мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынады.
  • Мекеменің дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын жалға беру қолданыстағы тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
  • Мекеме осы Жарғыда бекітілген қызметін жүзеге асыруға, сондай-ақ оның қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін мәмілелер жасауға құқылы емес.
  • Мекеме Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен белгілі бір шектелген қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәміле Жергілікті атқарушы органның, тиісті саланың уәкілетті органының, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.