ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 9 орта мектебі» КММ

  1. Мекеме қызметінің мәні мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің бейімділіктері мен мүдделеріне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық және оқытудың өзге де бағыттары бойынша кеңейтілген және тереңдетілген білім беруді қамтамасыз ететін білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру болып табылады.
  2. Мекеме қызметінің мақсаты: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген білім берудің әрбір деңгейі бойынша ғылым жүйесінің базистік негіздерін игеру негізінде тұлғаның құзыреттілігін, жан-жақты дамуын және кәсіби бағдарлануын қалыптастыру болып табылады.

Мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  • құзыретті тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған білім беру бағдарламаларын игеру арқылы білім алушылар мен тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау;
  • білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген ғылымның базистік негіздерін алуын қамтамасыз ету;
  • тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;
  • азаматтыққа және патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
  • белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
  • отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне баулу, қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың тарихын, салт-дәстүрлерін зерделеу;

               Мекемедегі оқу-тәрбие процесі қолданыстағы үлгілік қағидалар бойынша әзірленген және бекітілген үлгілік оқу бағдарламалары мен                  оқу жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады. Адамдардың жекелеген санаттары үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың ұсынымдары ескеріле отырып айқындалатын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің даму ерекшеліктері мен әлеуетті мүмкіндіктері ескерілетін арнайы оқу бағдарламалары іске асырылады.

         Мекемеде оқыту мен тәрбиелеу тілі орыс тілі болып табылады.

         Мекемеде оқу сабақтарының ұзақтығы және демалыс күндерін бөлу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады.

         Жұмыс тәртібі мен ауысым санын мекеменің алқалы ұйымы бекітеді.

         Оқушыларды мекемеге қабылдау және оқудан шығару Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес іске асырылады.

         Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау әрекеттегі ережелерге сәйкес іске асырылады.

         Мекемеде ата-аналардың (заңды өкілдердің) мүдделерін ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту көзделген.

         Мекемеде типтері мен түрлеріне қарамастан барлық білім беру ұйымдары үшін міндетті білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары іске асырылады.

Мекемеде денсаулық жағдайына байланысты коммуналдық мемлекеттік мекемеде сабаққа қатыса алмайтын және үйде оқитын он сегіз жасқа дейінгі 1-11 сынып балалары үшін жеке оқыту жүзеге асырылады.

         Мекемеде оқушыларды оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

         Мекемеде тәрбиеленушілер мен білім алушыларды медициналық қамтамасыз ету ұйымдастырылады.

         Мекемеде білім алушылардың сапалы тамақтануын ұйымдастыру үшін жағдай жасалған.

         Мекемеде мектепке дейінгі тәрбие мектепалды даярлық сыныптары арқылы жүзеге асырылады.

         Тиісті шарттар болған жағдайда, білім алушылардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініштері негізінде Мекеменің жергілікті актісіне сәйкес мекемеде ұзартылған күн топтар ашылуы мүмкін.

         Оқушылар мен тәрбиеленушілер қолданыстағы талаптарға сәйкес Мекемеде белгіленген киім үлгісін сақтауға міндетті.

         Қашықтықтан оқыту білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мекемеде жүзеге асырылады.

         Мекемеде қызметкерлердің штаттық саны қолданыстағы үлгілік штатқа сәйкес орналастырылады.

         Педагог лауазымына педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін адамдар қабылданады.Қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.

         Қызметкер мен білім беру ұйымының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.

         Мекеме бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету ережелеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді.

         Мекемеде оқушылар, заңды өкілдер арасындағы қатынастар қолданыстағы заңнамаға сәйкес тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын үлгілік шартпен реттеледі.

         Мекемеде нәсілдік, этникалық, діни, әлеуметтік төзбеушілік пен эксклюзивтілікті насихаттауға, халықаралық құқық пен гуманизмнің жалпы танылған қағидаларына қайшы келетін милитаристік және басқа да идеяларды таратуға тыйым салынады.

         Білім беру ұйымына әкелуге тыйым салынған заттар мен заттардың тізбесі қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен айқындалады.

         Мекеме аумағына кіруге, мекеменің педагогикалық кеңесімен бекітілген, ішкі тәртіп ережесімен анықталған рұқсат тәртібі ұйымдастырылған.

         Лицензиялауға жататын қызмет түрлерін мекеме тиісті лицензия алғаннан кейін жүзеге асырады.Хабарландыру рәсімінің әрекеттері хабарлама жіберілгеннен кейін жүзеге асырылады.

Ақылы қызметтерді мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынады.

         Мекеменің дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын жалға беру қолданыстағы тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

         Мекеменің осы Жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқығы жоқ.

         МекемеҚазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен белгілі бір шектелген қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәміле Жергілікті атқарушы органның, тиісті саланың уәкілетті органының, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талап-қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.