ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 15 орта мектебі» КММ

Мектеп Өскемен қалалық атқару комитетінің 1986 жылғы 30 маусымдағы No447 шешімімен пайдалануға берілген. Мектепті 1989 жылы алғашқы түлектері бітірді, мектеп түлектерімен бірге педагогикалық сыныптар да бітірді. Педагогикалық сыныптарды 1989 және 1990 жылдары бітірді. 2 жыл ішінде педагогикалық сыныпты барлығы 92 түлек бітірді. 1994 жылы алғаш рет дамыта оқыту және экономикалық сыныптар ашылды.

1995 жылы «Қалалық тәжірибелік сынақ алаңы» мәртебесі берілді.

2000 – Қазақ тілін үйренуге арналған ашық сынып;

2006 жыл – мектеп мұражайының ашылуы;

2009 жыл – мектеп базасында өнер мектебінің ашылуы;

2008 жыл – хоккей алаңының ашылуы;

2010 жыл – 3-5 жас аралығындағы балаларды оқытатын шағын орталықтың ашылуы;

2011 жыл – мемлекеттік тілде оқытатын оқушылардың алғашқы түлегі;

2012 жыл – мұражай 30-шы гвардиялық дивизия атындағы мұражай болып өзгертілді;

2017 ж. қаңтар – инклюзивті білім беруді енгізу;

2017 жылғы қыркүйек – Өскемен қаласында инклюзивті білім беруді одан әрі дамыту бойынша ресурстық орталықтың ашылуы.

Осы жылдар ішінде мектеп директорлары:

1989-1990 ж.ж. Соколовская Галина Петровна, 1990-1993 ж.ж. – Нечаева Мария Васильевна, 1993-1995 ж.ж. Кузьмин Николай Яковлевич, 1995-2012 ж.ж. – Баранов Николай Николаевич, 2012-2023 БектургеневаАнаргүлБазарбековна директор міндетін атқарды. 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап директордың міндетін атқарушысы болып Ракишева Гульмира Байгалиевна тағайындалды.

2023–2024 оқу жылында мектепке дейінгі, бастауыш, орта және жоғары сыныптарда 73 сынып топтамасы жұмыс істейді, биылғы оқу жылының есептеуі бойынша 1603 оқушы. Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Жалпы білім беретін сыныптарда ерекше білім беруді қажет ететін 150 бала білім алуда. 2019–2020 оқы жылының қыркүйек айынан бастап инклюзияны қолдау кабинеті жұмысын атқарып жатыр. Мектепте мемлекеттік тілде оқытатын 1 түзету сыныбы (7Ж) бар.

2023–2024 оқу жылының басындағы есеп бойынша мектепте 139 мұғалім жұмыс істейді, оның 11-і жас маман, олардың ішінде біліктілік санаттары бар: педагог-мастер – 1, педагог-зерттеуші – 27, педагог-сарапшы – 28, модератор – 37, категориясыз – 20, стажер – 15. Мектепте 10 әдістемелік комиссия жұмыс істейді.