ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 6 орта мектебі» КММ
Мекеменің атауы: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№6 орта мектебі» КММ (мектептің атауы ШҚО әкімдігінің 30.12.2020 ж. № 495 Қаулысымен өзгертілген)
Оқыту 2 ауысым түрінде ұйымдастырылған. Оқыту тілі- аралас (қазақша, орысша).
Аралас мектеп жағдайында жалпы білім беру бағдарлама мазмұнының міндетті меңгеру негізінде оқытушылардың жалпы жеке мәдениеттілігін қалыптастыру – мектептің білім беру үрдісінің негізгі бағыты болып табылады.
Мектеп 2 ауысымда жұмыс істейді:
I ауысымда 13 жинақтама-сыныптар: бастауыш буын – 1, 4 сынып; 5-сынып, 9-сынып, 10-сынып, 11-сыныптар;
II ауысымда 13 жинақтама- сыныптар: бастауыш буын – 2-3 сынып; орта буын – 6-сынып, 7-сынып, 8-сыныптар.
Оқу үрдісі оқу жоспары және сабақ кестесі бойынша ұйымдастырылады. Сабақ кестесі СанЕж/еБ талаптарына сәйкес құрылады, оқу- тәрбие үрдісін кең көлемде ұйымдастыру, әртүрлі жастағы топ оқушылары үшін қажетті жағдайларды жасау. Мекеменің жұмыс кестесі - 5 күндік оқу аптасынан құралған. Білім беру мекемесінде 26 сынып комплектісі және мектепалды даярлық екі топ топтастырылды.
Мектеп жұмысының 2023-2024 оқу жылына арналған негізгі мақсаты:
Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа білім мазмұны негізінде тиімді әдістерді қолдану арқылы ұлттық рухани құндылықтарды өскелең ұрпақ бойына дарытып, бәсекеге қабілетті, алған білімін өмірде қолдана алатын жеке тұлғаны тәрбиелеп оқыту.
Өзектілігі: Жеке тұлғаға жалпы білім емес, әлемдік білім беру жүйесінің стандартына сай жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде терең білім мен тәрбие беру.
Оқу-тәрбие үрдісінің ұстанымы: «Жылы ұяда өскен баланың ертеңі де жылы».
Әдістемесі: «Нәтижеге бағытталған білім беру жағдайында педагог кадрлардың кәсіби құзырлығын арттыру».