ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 49 жалпы білім беретін мектебі» КММ

Жалпы білім беретін мектеп - үш деңгейден тұрады, олардың әрқайсысы дербес жұмыс істей алады: бастауыш, негізгі орта және жоғарғы деңгей, негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын, орта, жалпы білім беретін мекеме. Біздің мектептің бағыты жаратылыстану-математикалық.

Негізгі миссиясы: Әр оқушының жеке ерекшеліктерін есепке алу, ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар негізінде біз Отанымыздың білімді және тәрбиеленген патриотын дайындаймыз!

Мақсаты: оқушылардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін есепке алу, педагогикалық қолдау көрсету арқылы жоғары адамгершілік және жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін мектепте жағымды атмосфера құру.

Міндеттері:

  1. Командалық оқыту және оқыту мен білім беру саласындағы бірлескен зерттеулер арқылы педагог кадрлардың кәсіби шеберлігін арттыру;
  2. Білім алушының білім берудегі олқылықтарды анықтау, білім беру сапасын бақылау арқылы білім алушыға жан-жақты қолдау көрсету;
  3. Оқытудың жаңа әдіснамасын, тұлғалық-белсенділік, құзыреттілік тәсілдерін, цифрлық технологияларды енгізу есебінен білім беру мен оқыту сапасын арттыру;
  4.  Білім беруді әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу арқылы психологиялық-физиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, зияткерлік, рухани-адамгершілік, дене дамуын қамтамасыз ету;
  1. Ұлттық құндылықтарға бағдарланған білім беру мен оқытуды енгізу арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру;
  2. "Жас сарбаз" сыныптарымен әскери-патриоттық жұмысты одан әрі дамыту;
  3. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды қолдау арқылы инклюзивті білім беру ортасын құру,
  4. Мектептің материалдық-техникалық базасын, цифрлық инфрақұрылымды жақсарту.

"Жас сарбаз" 4 "А", 5"А", "Б", "Ж", 7"А", 9 "А", "Б", "Жасқұтқарушы" 8 "А", 6 "А", "Жасбүркіт" 7 "Б сыныптары бар", 8 "Б".Сондай-ақбиыл "Асылмұра"сыныптары ашылды. Бұл сыныптардың мақсаты-біздің мектептегі ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу. "Асылмұра" сыныптары - 4 "Г", "Д", 5 "Г", "Д", "Е", 6 "В", "Г".

Мектепте 129 мұғалім жұмыс істейді. Оның ішінде педагог-шебер-1, педагог-зерттеуші-23, педагог – сарапшы-19, педагог – модератор – 29, педагог-8, магистрлер -17. 5 жылға дейінгі өтілі бар жас мамандар-34.