Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 3 «Балбөбек» балабақша-бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 3 «Балбөбек» балабақша-бөбекжайы» КМҚК ЖМК ықшам ауданында Өтепов көшесі, 22/2 мекенжайы бойынша орналасқан.
Балабақша 2011 жылдан бастап жұмыс істейді.
Балабақшаның материалдық-техникалық базасы педагогикалық талаптарға, заманауи білім беру деңгейі менн санитарлық нормаларға сай. Балабақша-бөбекжайда балалардың толыққанды психо-физикалық, эстетикалық, танымдық және әлеуметтік дамуы үші барлық жағдай жасалған. Мектепке дейінгі ұйымда бассейн, спорт және музыка залдары, логопед пен педагог-психолог кабинеттері, спорт алаңы, ойын алаңдары бар.
Медициналық блокқа медбике кабинеті, емшара бөлмесі, изолятор кіреді.
Балабақшаның әдістемелік бөлмесі ғылыми-танымал және әдістемелік әдебиеттермен жабдықталған.
Жас ерекшелік топтарында ұйымдастырылған іс-әрекеттер, ойын және балалардың өзіндік әрекеттері үшін жағдайлар қарастырылған. Барлық топтар балалардың түрлі әрекеттерін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін жас ерекешелік және санитарлық-гигиеналық талаптарға сай заманауи ойындармен, ойыншықтармен, ыңғайлы жиһаздармен жабдықталған.
Мектепке дейінгі мекемеде тәрбиелеу мен оқыту мемлекеттік тілде және орыс тілінде жүзеге асырылады.
Балабақша-бөбекжай балалардың 12 сағат болуымен аптасына 5 күн жұмыс істейді.
Балабақшада 12 топ жұмыс істейді, онда 300 бала тәрбиеленіп, білім алады. Мектепке дейінгі мекеме топтарын жасақтау ата-аналар кезегі негізінде жүзеге асырылды. Балалар жас ерекшеліктері бойынша психофизиологиялық дамуы мен оқыту тілін ескере отырып топтарға орналастырылады.