ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «№61 арнайы балабақшасы»

26 жыл бойы, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№61 арнайы балабақшасы» КММ қызметінің пәні психикалық үрдістерді оқыту және түзету болып табылады. Мекемеде психикалық дамуы тежелген балалармен тәрбие, түзетушілік дамыту жұмыстары жүргізіледі.

Бізде мекеме жағдайында жүргізілетін мектеп жасына дейінгі балалармен түзету-педагогикалық жұмыстың мақсаты:

1) Ойлаудың, есте сақтаудың, зейіннің, қабылдаудың алуан түрлерінің «алғы шарттарын» қалыптастыру, көру, есту, қимыл-қозғалыс функцияларын дамыту, баланың танымдық және шығармашылық белсенділігін ояту.

2) Балалардың физикалық, тұлғалық, интеллектуалдық қасиеттерін дамыту, олардың әлеуметтік табыстары мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.

Біздің мекемеде, психикалық дамуы тежелген балалардың қажекттіліктеріне барынша даму ортасы ұйымдастырылды, бұл білім беру үдерісіне түзету фокусын енгізуге мүмкіндік береді:

 - балаларға қолайлы орта мен қорғау режимін жасайды;

 - қызметтің барлық түрлерінде жеке – сараланған тәсіл жүзеге асырылады;

 - оқу материалы мөлшермен өтілген материалды бірте-бірте күрделендіріп, қайталап, бекіте отырып беріледі;

 - Мекеменің педагогтары отбасын, оқу-тәрбие үдерісіне белсенді қатыстырып, түзету жұмыстарының әдістерін үйретеді.

Түзету-дамыту жұмыстарын кешенді түрде педагог-дефектологтар, логопедтер, тәрбиешілер, қазақ тілі, музыка,  дене шынықтыру және бейнелеу пәндері мұғалімдері жүргізеді.                                                                                                          

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№61 арнайы балабақшасы» КММ-нің қорытындысы бойынша психикалық дамуы тежелген 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленуде.        

  ПМПК. Жас топтары:                                                                          3-4 жас – ортаңғы топ                                                                            4-5 жас – үлкен топ,  

5-6 жас – мектепалды даярлық тобы 

Мекемеге балаларды қабылдау «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес,«Құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібімен және екі жақтың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын келісіммен реттеледі.