Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №15 «Рахат» балабақша-бөбекжайы» КМҚК

  1. №15 «Рахат» балабақша-бөбекжайы» оқыту мен тәрбие беру бағыттың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының тиімді жүзеге асыруын басты мақсат етіп алған. Сонымен қатар мектепке дейінгі балалардың денсаулығын сақтау құзыреттілігін арттырып, сауықтыру шараларын жаңа бағытта өткізіп, мектепалды даярлық жұмыстарын толыққанды қамтамассыз етіп, зияткерлік, тұлғалық, әлеуметтік, эмоционалдық дамуын ұлттық рухта тәрбиеленуін отбасымен бірлескен қарым-қатынас барысында реттейтін инновациялық типтегі мекеме.

Оқу –тәрбие жұмыстары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Балабақша бойынша жалпы -12 топ бар. Ондағы 2023-2024 оқу жылындағы тәрбиеленушілердің жалпы саны -292. Балабақшада, қажетті құралдармен, ойыншықтар мен толық жабдықталған, оқу, ойын және ұйықтау бөлмелерінен басқа, асханасы, дәрігерлік кабинет пен музыка залы, денешыныктыру залы,бейнелеу, тілдер, робототехника, психолог-сенсорика, әдістемелік, тұзды бөлме, монтессори бөлмелері бар.Қазіргі заман талаптарына сай оқу-тәрбие ісін мемлекеттік жалпыға міндетті стандартынын негізге ала отырып, ұлттық педагогикалық бағытта жетілдіруде. Әр топ заман талабаны сай пәндік дамытушы ортамен және бес білім беру саласынның қажеттілігіне лайық деңгейде қамтамасыз етілген.

Балабақшадағы оқу тәрбие жұмысының басты мақсаты:

Основная цель воспитательной работы в детском саду:

 Тәрбиенің жаңа технологиясын пайдалана отырып, ізгілікке бағдарланған, әсемдікпен қаруланған ұлттық тәлім нәрімен сусындаған халық игілігін жасаушы азаматты, жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің ұжымы:

Коллектив заведения дошкольного образования:

Ұжымда 24 тәрбиеші, әдіскер, психолог, логопед, 2 музыка жетекшісі, би жетекшісі, дене шынықтыру нұсқаушысы, қазақ тілі маманы, бейнелеу өнерінің мұғалімі, робототехника жетекшісі, 1 асисстент-педагог жұмыс атқарады.

Балабақша мекемесінің ашылған жылдан бастап балабақшаны көркейту, оқу процесін қалыпты жүйеге түсіру бағытында елеулі еңбек сіңірген білікті тәрбиешілер мен педагогтартың нәтижесі төмендегідей:

Жоғарғы білімді педагог-тәрбиешілер саны: 23

Орта арнаулы педагог-тәрбиешілер саны:7

Біліктілік санаты бойынша:

По квалификационной категории:

І санатты- 1

ІІ санатты –3

Педагог-модератор-18

Педагог- сарапшы -4

Педагог зерттеуші- 1

 Тәрбие мен білімнің алғашқа дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріліп, адамгершіліктің алғашқы сатыларын қалыптастырудың қайнар көзі-мектепке дейінгі кезең екендігі ақиқат. Осы үлкен талапты орындауда  №15 «Рахат» балабақша-бөбекжайының білім саласына  қосқан үлесі зор.

Жыл сайын педагог мамандар өз білімін жетілдіру мақсатында 3 жыл сайын  білім жетілдіру курстарынан өтіп отырады.