ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ

Мекеме қызметінің мәні мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің бейімділіктері мен мүдделеріне сәйкес бейінді оқыту (7-8-9 сыныптар) және жаратылыстану-математикалық білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру болып табылады (бар екенін жазып көрсетеміз).

Мекеме қызметінің мақсаты: білім берудің әрбір деңгейі бойынша ғылым жүйесінің базистік негіздерін меңгеру негізінде тұлғаның құзыреттілігін, жан-жақты дамуын және кәсіби бағдарлануын қалыптастыру болып табылады.

Мақсатқа жету үшін мекеме келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) құзыретті тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру арқылы білім алушылар мен тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдайлар жасау;

2) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген ғылымның базистік негіздерін алуын қамтамасыз ету;

3) жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;

4) азаматтыққа және патриотизмге, өз Отаны -  Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

5) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

6) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу.

 Мекемедегі оқу-тәрбие процесі қолданыстағы үлгілік қағидалар бойынша әзірленген және бекітілген үлгілік оқу бағдарламалары мен оқу жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады. Жекелеген санаттағы тұлғалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың ұсынымдарын ескере отырып айқындалатын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің даму ерекшеліктері мен әлеуетті мүмкіндіктерін ескеретін арнайы оқыту бағдарламалары жүзеге асырылады.

Мекемеде оқыту мен тәрбиелеу тілі мемлекеттік тіл болып табылады.

Оқу сабақтарының ұзақтығы және мекемедегі каникул күндерін бөлу  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес айқындалады.