ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ

  • 1993 жылы Өскемен қаласының Тоқымашылар қалашығындағы бұрынғы №33 орыс орта мектебінің ғимаратына №44 қазақ орта мектебі ашылды.
  • 1994 жылы наурызда №44 қазақ орта мектебіне Оралхан Бөкей есімі берілді.
  • 1999 жылы мектеп оқушыларының бірыңғай киім үлгісі енгізілді.
  • 2000-2001 оқу жылында мектепке қалалық әкімшіліктің №2571 шешімі бойынша мектеп-лицей мәртебесі берілді.
  • 2000 жылы қыркүйек айында «Төрт таған» мектеп мұражайы ашылды. Мұражай төрт бөлімнен тұрады. Олар: «Талантына табындырған қаламгер» (Оралхан Бөкей бағыты), «Отанүшін от кешкендер», «Мектеп-білім ордасы» және этнографиялық бағыт.
  • 2000 жылы мектеп рәміздері қабылданды (Таңба, Ту, Гимн), 2016 жылы лицей мәртебесі берілуіне байланысты өзгертулер енгізілді.
  • 2005 жылы бұрынғы №45 орыс мектебінің орнына қазақ орта мектебі ашылып 600 оқушы, 24 сынып, мұғалімдерімен бірге бөлініп шықты.
  • 2008 жылы мектеп мұғалімдері мен оқушыларының Төсбелгісі қабылданды. Оқушылар мен мұғалімдерге арналған Төсбелгілердің сапасын жақсарту үшін 3 мәрте өзгертілді. Сол үшінші Төсбелгі Оралхан Бөкейдің 70 жылдығына және мектептің 20 жылдығына 2013 жылы арнайы жасалынды.
  • 2008, 2011 жылдары облыс әкімінің жүлдесі бойынша «Ең үздік мектеп» байқауында Бас жүлде иеленді.
  • 2009-2010 жылдары лицейде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
  • 2010-2011 жылдары лицейде ауласында кіші архитектуралық формалар орнатылды.
  • 2012 жылы маусым айында алғашқы биология-химия пәні мұғалімдерінің бірінші Республикалық съезі және облыстағы мектеп директорларының семинары өтті.
  • 2012 жылы лицей оқушыларының (ұлдар, қыздар) Кодексі қабылданды.
  • 2013 жылы футбол және баскетбол алаңы жөнделді.
  • 2015 жылы ЖМК ауданында жаңа №46 қазақ орта мектебі ашылып  700 оқушы, 27 сынып, мұғалімдерімен бірге бөлініп шықты.
  • 2016 жылы Өскемен қаласы әкімдігінің №966 шешімімен мектеп-лицейге лицей дәрежесі берілді.
  • 1993-2019 жылдар аралығында лицей директоры болып Туменбаев Т.К. қызмет атқарды.
  • 2019-2020 жылдар аралығында лицей директоры – Садыкова Н.А. осы ұйымда басшылық жасады.
  • 2020-жылдың 27қарашадан бастап Назарбаева Жаныл  Кайырбековналицей  директоры болып қызмет атқарып келеді
  • 2016 жылы дене шынықтыру сабағына арналған бірыңғай қыздар және ұлдар формасы енгізілді (ақ футболка, қара трико)
  • 2017 жылы «Ең үздік қала мектебі» номинациясын иеленді.
  • 2019 жыл облыс бойынша «Лучшая инновационная школа» байқауында Бас жүлде иеленді.
  • 2022 жылы қала бойынша «Ең үздік орта білім білім беретін ұйым» номинациясын иеленді.
  • 2003 жылдан бастап Бірыңғай Ұлттық тестілеудің қорытындысы бойынша 18 жыл ішінде мектеп түлектері арасынан 163 Алтын белгі, 57 үздік аттестат иегерлері болды. Лицей түлектері соңғы жылдары 98% дейін мемлекеттік грант жеңімпаздары болды.
  • Қазақстан Республика Президентінің «Болашақ» бағдарламасымен 35 оқушы алыс-жақын мемлекеттерде: Ресей, Украина, Чехия, Англия, Америка құрама штаттарында білім алды.

Лицей бойынша 28 оқу және 9 пәндік кабинеті, лицей мұражайы, «Абай» кабинеті, 2 компьютерлік кабинет, 1 мультимедия кабинеті, 1 робототехника кабинеті, 2 шеберхана, 1 медициналық кабинет, 2 спорт залы, хоккей қорабы, футбол алаңы, жүгіру жолы, баскетбол шығырығы, АӘжТД кедергі жолағы, мәжіліс залы, асхана жұмыс жасайды. Лицей кітапханасы, мәжіліс залы, медициналық кабинет қазіргі заман талабына сай жиһаздармен жабдықталды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде ШҚО әкімі Д.К.Ахметов мырзаның бастамасымен «Менің мектебім» жобасы аясында 2018 жылдың қыркүйегінде робототехика, жаңадан жабдықталған физика кабинеті ашылды. 2021 жылы STEM-зертханасы, қолға алынып, информатика  кабинеті ашылды.

Білім алушылардың денсаулығын сақтау үшін жағдай жасау, оқу-тәрбие үрдісіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбегін қорғауға жағдай жасау

2021 жылы лицейде жарқытандыру мәслелері қолға алынып, көздеріне зиян келтірмейтін   1051 дана жарықшамдар орнатылды. Осы шамдар барлық кабинеттер, дәліздерде жабдықталған.

Оқушылардың және қызметкерлердің  қауіпсіздіктерін сақтау мақсатында 2 турникет интернет жүйесіне қосылған,  оқушылардың және қызметкерлердің кіріп-шыққанын тіркейді, сонымен қатар сол жазбаларды сақтайды.

Бейне бақылау камералары – 41 дана. Аула аумағында  - 13,  ғимарат ішінде – 28 дана. Бейнекамера архивінің  сақтау уақыты -30 күн.

Лицейдің 1-қабатында вахталық жұмыс атқарылады, вахтада 2 қызметкер белгіленген кесте бойынша жұмыс істейді. Және де  «Ұлан күзет» ЖШС лицей күзетеді.