ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Қ.Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп-лицейі» КММ

Мектептің басты міндеті - әрбір оқушыны біліммен қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру және дамыту. Мектептің өзекті тақырыбы: Оқушылардың үлгерімін, тәрбиелілігін арттыру мен ХХІ ғасыр дағдыларын дамыту үшін талап етілетін оқу ортасын құру және мұғалімдердің пәнді оқыту біліктілігін жетілдіру.

Мектеп жаратылыстану математика бағытының физика-математика профилінде жұмыс істейді. Мектепте бір мектепалды даярлық сыныбы және екі ұзартылған күн тобы істейді.

  Педагог-шебер, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы, жоғары, 1-санатты мұғалімдердің үлесі – 57,5% -ды құрайды. Педагог-шебер, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы, жоғары, 1-санатты мұғалімдердің үлесі – 51,4% -ды құрайды.

ҚР 20 жылдығы медалінің иегері, ҚР Президентінің алғыс хатымен марапатталған -1, ҚР Президенті Құрмет грамотасы иегері – 1, ҚРБҒ  Министрлігінің Құрмет грамотасының иегері - 3, магистрант - 9.

ҰБТ қорытындылары бойынша 2022-2023 оқу жылында ортақ балл 102, білім сапасы 82,3 %. 3 оқушы «Алтын белгі», 2 оқушы «Үздік аттестат» иегері.

1оқушы Республикалық Қазақстан тарихы пәнінен ғылыми жоба жарысынан бас жүлде, «Алтын медаль» иегері, Республикалық география пәні олимпиадасының қатысушысы, 1 оқушы Халықаралық кәсіпкерлік және бизнес негіздері олимпиадасының ІІ орын жүлдегері.