ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 37 көпбейінді орта мектебі» КММ
1992 жылдан бастап «№ 37 жалпы орта білім беретін мектебіне» «№ 37 әртүрлі деңгейдегі көпкәсіптік жалпы білім беру орта мектебі» мәртебесі берілді. 2011-2012 оқу жылында мектептің атауы Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 37 көпбейінді орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді. 2020-2021 оқу жылында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 37 көпбейінді орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
2023-2024 оқу жылында мектепте 1261 оқушы оқиды, 64 сынып-жинақ бар.
Мектепте 118 білікті мамандар жұмыс істейді, оның ішінде 31 педагог –зерттеуші, 5 мұғалім жоғары санатты, 18 педагог-сарапшы, 10 мұғалім бірінші санатты, 25 педагог-модератор, 7 педагог екінші санатты, сонымен қатар 7 магистрант, 1 педагогика ғылымдарының кандидаты жұмыс істейді.
Мектеп директорында үшінші біліктілік санаты бар және медальдармен марапатталды: «Жастарды патриоттыққа тәрбиелеуге үлес қосқаны үшін» (2014 ж.); «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен (2015 ж.); «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімені (2019); Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» медалімен (2020 ж.), Өскелең ұрпаққа адамгершілік-рухани білім мен тәрбие беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін «Мейірім – әлемге махаббатпен» медалімен (2022 ж.) Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін «Сәрсен Аманжолов» төсбелгісімен (2023 ж.) марапатталған; Мектеп әкімшілігі «Үздік мектеп-2021» халықаралық педагогикалық байқауына қатысып, 1 орынға ие болды.
Үш орынбасарға екінші біліктілік санаты, төрт орынбасарға үшінші санат берілді. Мектеп әкімшілігі «Үздік мектеп - 2021» атты халықаралық педагогикалық байқауына қатысып - 1 орынға ие болды.
Мектептің ізденіс тақырыбы аясындағы жұмысының нәтижесі – мектеп педагогтерінің, сондай-ақ «Инклюзивті мектеп» оқу-әдістемелік кешенінің іс-тәжірибесі жинақталған үш республикалық «Білім берудегі инновациялар» журналының арнайы шығарылымы болып табылады.
Білім беру іс-әрекетіне жүйелі көзқарас негізінде оқушының бәсекеге қабілетті тұлғасы мен мұғалімнің бәсекеге қабілетті жеке тұлғасын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық процесті, мектепішілік басқару мен бақылауды, әдістемелік жұмысты, педагогтерді аттестаттауды, мектепті басқарудың тәсілдері құрылымын, мектептің стратегиялық жоспарлауын ұйымдастырудың бірыңғай жүйесі жасалды және іске асырылды. Мектептің басқару қызметінде мектепті басқарудың келесі ерекшеліктері ажыратылады: аналитикалық, мақсатқа сай, гуманистік және демократиялық басқару.