ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 35 орта мектебі» КММ

Мектепте 2023-2024 оқу жылында контингент 1449 оқушы оқиды, 60 сыныптық комплект орта есеппен бастауыш сыныптарда – 26 оқушыдан, 5-9 арасында – 25 оқушыдан, 10-11 арасында - 20 оқушыдан тұрады. Мектептің педагогикалық ұжымы 94 пән мұғалімі білім береді. Санаты бар педагогтердің үлесі 83% құрайды.

Мектебімізде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар контингенті үшін мүмкіндігінше барлық жағдайлар жасалған, атап айтқанда пандус, мектеп атауына, жұмыс кестесіне тактильді таблица, схема сызба, сымсыз шақырту дабыл батырмасы, пандустан түсу мен шығуға арналған тактильді тақта, мектептен шығу, кіру тақталары, мүгедектерге арналған тактильді тақта, жылжымалы пандус, эвакуциялық тактильді тақта орнатылған, лақтырмалы табалдырық, тасымалданатын пандус, әжетхана толық жабдықталған.

Дене шынықтыру сабақтарынан босатылған оқушыларға және оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін, бос уақыттарын тиімді өткізуді ұйымдастыру мақсатында шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, үстел ойындары ұйымдастырылады және сабақ соңында нәтижесі шығарылады.

Мектеп кітапханасы бірінші қабатта орналасқан. Жалпы ауданы 48 шаршы метрді құрайды. Кітапханада 10 орындық оқу аймағы, оқу қорына арналған жеке кітап қоймасы бар. Кітапхана кітап сөрелерімен, интернеті бар 5 дербес компьютермен жабдықталған.

 Мектептің спорт залының ауданы 296 шаршы метр. Спортзалда ұлдар мен қыздар үшін екі шешінетін бөлме бар. 2019 жылы спорт залда жөндеу жұмыстары жүргізілді. Спортзал дене шынықтыру сабақтарына арналған арнайы спорттық жабдықтармен қамтамасыз етілген. 

Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру үшін мектепте жалпы ауданы 310 шаршы метр асхана бар. Тамақтану залы 300 орынға есептелген. Асхананы жалға алушы жеке кәсіпкер Тайболанова Роза Советхановна болып табылады.

Мектептің үшінші қабатында медициналық кабинет орналасқан. Медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензияны «Денсаулық дәрігерлік амбулаториясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі берген. Кабинет қажетті жиһазбен, медициналық құрал-жабдықтармен және препараттармен жабдықталған. Сонымен қатар, бұл қабатта 100 орынға арналған  акт залы орналасқан. Жалпы ауданы 99, 24 шаршы метр. Акт залы бүгінгі талабына сай арнай сахналық пердемен безендірілген, терезелерінде жалюзи ілінген, подиум, жылжымалы проектор орнатылған. Акт залында 1-11 сыныптар бойынша сыныптан тыс іс- шаралар өтеді.

 Мектепте оқушылардың сырт киімдерін ілуге арналған киім сөрелері әр қабаттың дәліздерінде орналасқан. Бір киім сөресі ішінде 6 оқушыға арналған ілгіш бар. Киім сөрелерінде сынып нөмірі мен литері көрсетілген. Оқушылар өз сыныптары бойынша киімдерін іледі.

Мектепте оқу-тәрбие үрдісіне 20 оқу кабинеті және 13 бастауыш сынып кабинеттері бар. Барлық кабинеттер интернет желісіне қосылған. Интернет жылдамдығы 80-90 mbit/c.  

Мектептің безендірілуі эстетикалық талапқа сай. 2020 жылы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай мектептің бірінші және үшінші қабаттарында «Абай деп таны қазақты», «Абайдың табиғат лирикасы», «Ұлы Абайдың мұрасы мәңгілік» атты кітап түрінде безендірілген стендтер орналасқан.

Мектептің екінші қабатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Сандық Қазақстан- болашаққа батыл қадам» стенд ілінген.

Республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында бірінші, үшінші қабаттарында COWORKING және БУККРОССИНГ бұрыштары жұмыс жасауда.  Аталған бұрыштар мектеп оқушыларының бос уақыттары және үзіліс кездерінде кітап оқуға құштарлықтарын арттыруға ықпал етуде.

Білім берудегі құндылық жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды, адамның өмірі мен денсаулығын, жеке тұлғаның еркін дамуының басымдықтарын, патриотизмді, еңбекқорлықты, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді. Бұл тәсіл білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруға, оқыту мен тәрбиелеуді интеграциялауға, білім беру әдістемесін, мазмұны мен құрылымын жаңартуға бағытталған.