ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы №33 орта мектебі» КММ
Жоғары педагогикалық білімі бар педагогтардың сапалық құрамы 95%және 5% арнайы орта білімі бар педагогтарды құрайды.
Магистрлық академиялық дәрежесі бар педагогтардық саны-10.
Педагогикалық ұжымның басым бөлігі 6- 10 жылға 20,2 % 11-15 жылға дейін 31% 20 жылдан жоғары 20% педагогтардан тұрады, бұл негізгі ұжымның жас мұғалімдер санатынан мектептің тәжірибелі педагогтары санатына ауысқанын көрсетеді .
Педагогтардың орташа жас 31жастан 40 жасқа дейінгі жұмыс істейтін педагогтардың негізгі контингенті , бұл педагог кадрлардың жалпы санының 50% құрайды және педагогтардың кәсіби қалыптасуына үкен әлеуетті көрсетеді.
Білім сапасының әр оқу тоқсаны бойынша көрсеткіші қала деңгейі бойынша пәндердің білім сапасының көрсеткішімен салыстырылып мектептің даму жоспары,бағыты айқындалып отырылды.Пән мұғалімдерінің жұмысы педагогикалық кеңестерде, оқу ісі меңгеруші алды кеңесте білім сапасы мен бағдарламаның ерекшеліктері мен проблемалар бойынша мерзімді кеңестер берілді. 5-ші және 1-ші сыныптар үшін арнайы педагогикалық консилумдар ұйымдастырылды. ҚМЖ талаптарын сақтау, тиімді әдіс-тәсілдердің ұйымдастырылуы бойынша мектепішілік бақылау, тоқсандық жиынтық бағалау мониторингісі жүргізіліді.
Мектеп оқушыларын сапалы тамақтандыру.
Жалпыға бірдей білім беру қорынан 2022-2023 оқу жылында-265 оқушыларымыз тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
2022-2023 оқу жылында -402 оқушы мектеп формасымен қамтамасыз етілді.
2022-2023 оқу жылында жетім, аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы оқушыларының іс-қағаз құжаттары толық жинақталды. Оқу жылының басында әр оқушының тұрмыстық жағдайын тексеру актілері жүргізіліп, ыстық тамақпен, мектеп формасы, қыстық киімдермен қамтылды.
Мектепте заман талабына сай жаңа модификациядағы пәндік кабинет интерактивтітақта және интерактивті панелдер,сабақ оқытуға арналған кабинетердің барлығы компьютермен жабдықталған. Мектеп мұғалімдері ашық сабақтар, педагогикалық кеңестер, семинарлар, сыныптан тыс іс-шаралар да АКТ құзіреттілігін толығымен қолданып өткізеді.