Жиі қойылатын сұрақтар

Патрульдік полиция балалармен автобус бағаналаларын ілесіп жүруді Жол жүрісі қағидаларына (ІІМ-нің 2023 жылғы 30 маусымдағы №534 бұйрығы) сәйкес жүзеге асырады. Бағана екі немесе одан да көп автобустардан тұрса, патрульдік полиция сыртқы қауіптерден қорғау арқылы маршруттағы қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етеді. Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету және ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу үшін ілесіп жүру бағанның артқы жағында да, алдыңғы жағында да жүзеге асырылады.