Жиі қойылатын сұрақтар

ІІМ-нің 2014 жылғы 02 желтоқсандағы №862 бұйрығымен бекітілген сәйкестендіру нөмірі бойынша механикалық көлік құралдарын тіркеу қағидаларының 19-тармағына сәйкес көлік құралдарына заңнамаға сәйкес енгізілген шектеулер, сондай-ақ Қазақстан Республикасына кері әкету туралы міндеттемемен уақытша әкелінген көлік құралдарының шетелге әкету мерзімі Бірінғай ақпараттық жүйеге енгізіледі.

Шектеуді алып тастау үшін сізге тиісті тыйым салулар мен шектеулер енгізілген органдар берген тиісті құжаттарды немесе сот шешімдерін ұсына отырып, орналасқан жері бойынша полиция департаментіне жүгіну қажет.