ҚР СИМ Цифрландыру департаменті Цифрландыру басқармасының басшысы, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

154141 - 208294

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Информатика
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Қажетті практикалық дағдылар:

- ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді және қосымшаларды әзірлеу дағдылары;

- жобалық басқару, ақпараттық жүйелерді және деректер базасын, график программаларды пайдалану дағдылары;

- жобалық басқару, ақпараттық жүйелерді және деректер базасын пайдалану дағдылары;

- қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібін білу.

Функционалды міндеттер

Жалпы басшылықты ұйымдастыру және Басқарманың жұмысын жоспарлау; Министрлік басшылығына ақпараттық жүйелер саласындағы атқарушылық, бақылау және реттеу функцияларын жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар беру, Департамент құзіретіне кіретін салаларды цифрландыру бойынша басым мәселелердің шешілуі бойынша саясат жүргізу; Ақпараттық жүйелер мен деректер базасын құру, енгізу, дамыту және жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша орталық аппарат пен комитеттердің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету, сыртқы ақпараттық жүйелер мен деректер базаларымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру; Министрліктің салаларын цифрландыру бойынша, сондай-ақ «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бастамаларды енгізу және дамыту жөніндегі іс-шараларды жүргізуді үйлестіру; Негізгі қызметті жүзеге асыру шеңберінде Министрлік пайдаланатын ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологиялардың сенімділігі мен тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; Цифрландыру саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мониторингін ұйымдастыру; Департаменттің Министрліктің басқа бөлімшелерімен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен өзара іс-қимылын ұйымдастыру; Басқарма құзіретіне кіретін бағыттардың тиімділігін бағалау бойынша іс-шараларды өткізу; Цифрландыру мәселелері бойынша жұмыс топтары мен басқа да кеңесші органдардың қызметіне, кеңестерге және өзге де іс-шараларға қатысу; «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде нормативтік-құқықтық акті жобаларын әзірлеу, қарау және келісу; Министрлік басшылығына баяндамалар дайындау үшін қажетті анықтамалар мен басқа да талдамалық материалдар жасау; Басқарма қызметкерінің Министрлік басшылығының бұйрықтарын, өкімдерін, шешімдерін, тапсырмаларын, бекітілген бағдарламалар мен жоспарларды, кіріс хат-хабарларды және бақылау құжаттарын уақтылы және сапалы орындауын қамтамасыз ету; Министрліктің алқа отырыстарының жұмысына, сондай-ақ министрліктің басшылығы өткізетін кеңестерге белгіленген тәртіппен қатысу; Департамент қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Басқарма қызметкерлерінің Министрліктің жұмыс регламентін, сондай-ақ орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.10.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.10.2021 – 08.10.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

12.10.2021

Сұхбаттасу орны

онлайн

Анықтама алу үшін байланыс

Сабыржанова Рауан Хозыевна

8 775 164 55 76