Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

154141 - 208294

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Әскери іс
  • Ұлттық қауіпсіздік
  • Құқықтану
  • Құқық қорғау қызметі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Өрт қауіпсіздігі
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Басқарманы жалпы басқару. Басқармаға жүктелген міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету және оның өз функцияларын жүзеге асыру. Құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі жоспарды әзірлеуді, оны министрлік басшылығында бекітуді және құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз ету. Орталық аппаратта Министрліктің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің, Мемлекеттік органдардың және Министрлік басшылығының құпия тапсырмаларының уақтылы орындалуын бақылауды ұйымдастыру. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсете отырып тексеруді ұйымдастыру. Министрді және оның тапсырмасы бойынша министрлік басшылығын мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелері бойынша қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету. Мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелері бойынша Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша комиссиялардың (жұмыс топтарының) жұмысына қатысу. Министрлік басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 14.01.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.01.2021 – 19.01.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

бейне байланыс құралы арқылы

Анықтама алу үшін байланыс

87752207214